назар аударылған. Алайда нанобөлшектердің адамға тікелей әсерінің
бірнеше мысалы ғана белгілі. Есепте нанобөлшектердің құрылымы,
пішіні, бет ауданы, электрлік қасиеті және жеке бөлшектерге
қарағанда, ағзамен өзгеше әсерлесе алатын агрегаттарды түзу
мүмкіндігі бойынша сипаттамаларының қажеттілігі атап өтілді. Есепте
наноматериалдардың әртүрлі ішкі мүшелерге әсерін тексеру әдістері,
сонымен қатар, нанобөлшектермен тыныс алу, жұтудың немесе тіпті
олармен байланысудың салдарын тексеру тәсілдері ұсынылады.
Есепте нанобөлшектер не себепті биологиялық әсер ете
алатындығын түсіндіруге мүмкіндік беретін әдістер сипатталмайды.
Ғалымдар мен дәрігерлердің мұқият зерттеулер жүргізу барысының
толық ақпаратын жинаулары қажет.
Достарыңызбен бөлісу: