Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет131/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Компьютерлер
Компьютерлер және чиптерді өндіруші компаниялар нанотех- 
нологияларды пайдалануды бастаушылар және олардың өте жомарт 
зерттеушілері болып табылады.
Нанотехнологиялардың қолданылуымен жасалған ноутбуктар 
және қалта компьютерлері алдағы уақытты қазіргіден де жақсы жұмыс 
істейтіні ешқандай күдік тудырмайды. Көміртекті нанотүтікшелері мен 
литий нанобөлшектерінен жасалған аккумуляторлар тез қуатталады
ұзақ жұмыс істейді және энергияны көбірек шоғырландырады.


Нанотүтікшелер - белгілі электр тоғын өткізгіштердің ішіндегі ең 
жақсысы болғандықтан, оларды автокөліктердің тежеу энергияларын 
аккумуляторларды зарядтау энергиясына түрлендіру үшін қолдануға 
болады. Көміртекті нанотүтікшелерді гибрид автокөліктердегі жанар- 
май сутегіні сақтауға арналған ғажайып материал ретінде қолдануға 
болады. Мұндай жағдайда қазба отындары және оларды өндіруге 
қатысты мәселелер болашақ көліктің ажырамас проблемасы болудан 
қалады.
Жақын 5-10 жылда кремний чиптары бұданда жылдам және 
тиімдірек болады деп болжауға болады. Жартылай өткізгіштер 
өнеркәсібі 
кремнийлі 
электроника 
өндірісіне 
миллиардтаған 
доллар инвестиция салған. Сондықтан наночиптар тек қана 
кремнийлі электрониканың мүмкіндіктерін толық пайдаланған кез­
де ғана экономикалық тұрғыдан тиімді болады. Сонымен қатар 
нанотүтікшелердің тапсырылған электрлік сызба құрылымына 
сәйкестеніп, өздігінен қайта жинақталу жолдарын ашу үшін ғалымдар 
мен инженерлерге біраз еңбек етуге тура келеді.
Ассемблерлер
Нанотехнологиялар аумағындағы пионер және Пало -
Альтодағы (Калифорния, АҚШ) Форсайт Институтының жетекшісі 
Эрик Дрекслер (Егіс ^^еx1е^) өзінің ассемблер (немесе жинақтағыш) 
идеясын ұсынған. Ассемблер - атомдардан наномасштабты ком- 
поненттер мен тетіктер, мысалы, рычагтар, алтылықтар және 
т.б. наноөлшемді компоненттер және тетіктер, шестеренканың 
құрастыратын наномасштабты робот. Үшінші тарауда айтылғандай
бұл ой шындықтан гөрі, қиялға жақынырақ. Мысалы, мұндай нано- 
роботтар шаң мен кірді жинап қана қоймай, жеке атомдардан элек- 
трсызбалар мен компьютерлердің элементтерін құрастыра алатын бо­
лады. Бұл жайлы қазір тек қана армандауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет