Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет140/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Ерігіштік және уыттылық
Бұрында жаңа нанотехнологияны пайдаланудағы тәуекелді 
бағалауда нанобөлшектің ерігіштігіне көп көңіл бөлінетін. Себебі, 
тез ерігіш молекулалар биолгиялық жүйелерге енеді және қоршаған 
ортаға таралады.
Бірінші тарауда біз фуллеренмен танысқан болатынбыз. 1985 
жылы бұл молекула ашылғалы бері фуллерен молекулаларының на- 
номасштабты кластерлер түзе алатыны және олардың сулы ортада өте 
белсенді екендігі белгілі болды. Суда ерімтал фуллерен кластерлері 
өздерінің цитоуытты (жасушалық уыттылық, яғни жасушаларды 
улау және өлтіру қабілеті) екендігін көрсеткен және ол балық миы 
жасушаларының зақымдалуына себепкер болды.
Алайда Райс Викки Колвин (Уіску СоЫп), Дженифер Уэст 
(ТепіГег Шгзі) Джо Хьюз (Гое Нидһез) университетерінің ғалымдары 
цитоуыттылықты фуллерендердің беткі қабатына молекулярлық 
фрагменттерді 
байланыстыру 
арқылы 
төмендетуге 
болаты- 
нын анықтаған. Бұл үдеріс функционализация деп аталды. Бұл 
функционализацияланған молекулалардың уыттылығы дәл осын- 
дай 
2 0
бөліктің миллиардқа қатынасында балықтарға жасаған 
тәжірибелерінен 50 % аз болған. 13.1-суретте функционализация мен 
уыттылық арасындағы тәуелділік көрсетілген.


13.1-сурет. Функционализациялау дәрежесінің артуымен 
наноуыттылық төмендейді
Функционализация әдісі фуллереннің беткі қабатшасына моле­
кула фрагменттерін көбірек байланыстырған сайын арта түседі. Бұл 
тәжірибе НБ-дің уыттылығын өте қарапайым әдістермен төмендетуге 
болатынын көрсетеді.
Алайда нанобөлшектердің уыттылық тәуекелін жою үшін 
олардың беткі қабатының құрылым ерекшелігі мен 
қасиеттерін 
нақты түсіну қажет. Әрине, кейбір нанобөлшектердің беткі қабатының 
қасиетін өзгертуге өзге бөлшектер, материалдар, құрылғы мен 
үдерістер жеткілікті нақты қосымшада пайдалану үшін басқаша типті 
өзгерістер қажет болуы мүмкін (мысалы, механикалық, реактивті не­
месе элетромагнитті қасиеттер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет