Нанотехнологиялар


Электрохромдыльщ - материалдың



Pdf көрінісі
бет155/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Электрохромдыльщ - материалдың 
кернеудің әсерінен
оптикалық қасиеттерін өзгерту қабілеті. Вольфрам оксидінің
осындай қабілеті бар.
Қайтамды электрохромдылық (яғни оптикалық қасиет өзгерісінің 
қайтымдылығы) вольфрам оксиді нанокристалдарын зарядталған 
бөлшектермен екі еселенген инжектирлеу көмегімен жүзеге асады. 
Қайтымды электрохромдылық қабілеті бар материалдар мэліметтік 
таблолардың оптикалық дисплейлерінің жамылғылары ретінде пай- 
даланылып жүр.
Сұйықкристалды дисплей - сұйық кристалдар негізіндегі
жалпақ панельді монитор. Мұндай дисплейлердің әрбір пикселі
екі мөлдір электрод, екі полярланган сүзгі арасындагы молекула
қабатынан тұрады.
Электрохромды дисплейлер сыртқы кескіні бойынша компью- 
терлерде, калькуляторларда, қолсағаттарда кеңінен қолданылатын 
сұйық кристалдарға ұқсайды.
Электрохромды дисплейлердің бөлу қабілеті, жарықтылығы 
жэне 
контрастілігі 
нанобөлшектердің 
өлшеміне 
айтарлықтай 
дэрежеде тэуелді болғандықтан, нанобөлшектер бұл құрылғылар 
үшін келешектегі материалдар болып табылады.
МАТЕРИАЛДАР
Сегізінші тарауда айтылып кеткендей, золь-гель ауысу көмегімен 
жасалған нанокристалды материалдар аэрогельдер деп аталады. Олар 
өте кеуекті құрылымды жэне басқалармен салыстырғанда, жүздеген 
есе жеңіл. Ауа жэне кез келген басқа газдың көпіршіктерімен 
толтырылған кеуектердің үш өлшемді желісін үйлер мен жұмыс орын- 
дарында өте жақсы жылу оқшаулағыш ретінде қолдануға болады.
Олардың көмегімен ысыту мен суыту шығындарын елеулі 
төмендетуге болады жэне осылайша энергоқорлар біраз үнемделеді. 
Олардың негізінде өте жарық уақытта қараятын (күннен қорғайтын 
көзілдіріктердің өздігінен таралатын эйнектері сияқты) жэне керісінше 
бұлтты күндері мөлдірленетін «ақылды» эйнектер жасау жобалары 
дайындалу үстінде.


Керамика
Әдетте 
керамикалық материалдар жоғары қаттылығымен 
және морттылығымен сипатталады, сондықтан оларды өңдеу 
қиынға соғады. Осының салдарынан инженерлерге олардың ғажап 
қасиеттерін пайдалану біраз қиындықтар келтіреді. Алайда дәнек 
өлшемін кішірейту арқылы өңдеу үдерістері біраз жеңілдеді және 
керамикалық материалдардың танымалдылығы артуда.
Цирконий диоксиді негізіндегі керамика өзінің бастапқы 
ұзындығынан 300%-ға дейін деформациялана алады және сондықтан 
аса пластикалы деп аталады. Бұл керамиканың осындай қасиеттері 
болу үшін олардың құрамында нанокристалды дәнектер болуы керек. 
Кейбір нанокристалды материалдар (кремний нитриді §і
3
К 4, кремний 
карбиді 
8
іС) автомобиль құрастыруда бүгіннің өзінде қолданылады, 
мысалы, беріктігі жоғары пружина, шарикті подшипниктер мен кла- 
пандарды итерушілер пайдаланады. Керемет физикалық, химиялық 
және механикалық қасиеттермен қатар олардың пішін өзгертуге
термиялық және станоктық өңдеулерге жақсы қабілеттілігі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет