Өздігінен жинақталғаннан
кейінп нанотүтікшелер
Нанотүтікшелер
8.1-сурет. Өздігінен жинақталатын нанотүтікшелер
Нанотүтікшелердің беріктігі болаттікінен жоғары болғандықтан,
олардың негізінде аса берік пластмассалар жасауға болады.
Осының
көмегімен ұшақ, ғарыш аппараттарының және автомобильдердің
салмағын біршама жеңілдетуге болады. АҚШ қарулы күштері ұшақ,
кеме, танк және автокөліктердің беттерін радар сәулеленуін жұтатын
жамылғы есебінде нанотүтікшелерді пайдалануға қызығушылық та-
нытуда. Аэрокосмостық салада бұндай пластмассаларға көшу винттік
авиациядан реактивтіге ауысқандай революциялық рөл атқара алады.
Орташа диаметрі 40 нм-дей болатын
көпқабатты көміртекті
нанотүтікшелердің де қолданылу аясы біршама кең - ұялы
телефондардың
оптикалық
жүйесінен
автокөліктердің
айна
элементтері мен спорт тауарларына дейін пайдаланылады. Бұлардың
беріктігі бірқабатты көміртекті нанотүтікшелерінен де жоғары және
композитті материалдардың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Наноматериалдарды өндірудегі үлкен
қиындықтар бұларды
зерттеуді тоқтата да, баяулата да алмайды. Наноөткізгіш немесе нано-
жартылай өткізгіштер сияқты, жоғары эффективті
материалдарды зерт-
теуге бөлінген үлкен күш пен қаржының арқасында нанотүтікшелерді
өнеркәсіптік өндірудің қысқа мерзімді келешегінде тек артатын болады.
Өндіріс
Кейбір мамандардың есептеуінше, нанотүтікшелерді жамылғы
немесе бояу ретінде пайдаланудың болашағы зор. Нанотүтікшелермен
бояуды араластыру барысында нанотүтікшелер электростатикалық
зарядқа ие болады. Осының арқасында бояу мен нанотүтікшелері бар
жамылғылар бетке тығызырақ жабысады. Бұндай нанотүтікшелері
бар бояуларды конвейерге жағуға болады.
Сонымен қатар,
нанотүтікшелері бар арнайы паста
сұйық кристалды және иілгіш
дисплейлердің оптикалық қасиеттерін жақсарта алады, мысалы,
қазіргі кезге қарағанда аса анық көрініс алуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: