Нанотехнологиялар


II бөлімге арналған тест сұрақтары



Pdf көрінісі
бет73/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

II бөлімге арналған тест сұрақтары
1. Үйкеліс, жұғу, созылымдылық және тұтас денелердің ығысу 
беріктігі немен түсіндіріледі?
а) ылғалдылық және температурамен; 
ә) сырғу және күнмен;
б) инерция және гравитациямен;
в) гидростатикалық қысым және еңкеюмен.
2. Бейнелеудің кристаллографиялық әдістері ненің үш өлшемді 
көрінісін алуға мүмкіндік береді?
а) атмосфера биоөрісінің;
ә) электронды тығыздық және конфигурацияның;
б) таулы аймақтардың;
в) ағаштар кесіктеріндегі жылдық сақиналардың.
3. 
Нанотехнологиялар төмендегіні 
ескермегенде, 
әртүрлі 
медициналық мәселелерді шешу үшін қолданылады:
а) генетикалық ақпаратты сақтау және алу; 
ә) заттарды жасушаға жеткізу;
б) хромосомалық ерекшеліктер негізінде дәрі-дәрмек жасау;
в) аяқ бармағының өсіп кеткен тырнағын емдеу.
4. Адам ағзасындағы аса кең тараған ақуыз мыналар:
а) нитрогеназа; 
ә) кератин;
б) амилаза;
в) коллаген.
5. «Дымқыл» (органикалық молекулалар) мына жерде болады:
а) жүзу хауызында; 
ә) тірі ағзада;
б) тау жыныстарында;
в) радиоактивті қалдықтарда.
6
. Ақуызды инженерия көмегімен неге қабілетті ақуыздарды 
жасауға болады?
а) көпірлердің беріктігін арттыруға;
ә) ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды өсіруге;
б) ауа-райы дәлдігін арттыруға;


в) 
вирустық жұқпаларға шабуыл жасау және қарсы шабуыл 
жасауға.
7. Қатерлі ісікті азғыратын заттар мыналар:
а) қоздырғыштар; 
ә) базалар;
б) аллергендер;
в) канцерогендер.
8
. Микроағзалардың құрылымы туралы Місгодгарһіа («Микро­
графия») атты алғаш кітапты жазған кім:
а) Джордж Беннет; 
ә) Роберт Гук;
б) Норман Бекман;
в) Джек Шауэрс.
9. Зақымданған ұлпаларды диагностикадан өткізу мен емдеу 
үшін қолданылатын, алтынмен қапталған аса кіші шарлар былай ата- 
лады:
а) наноқабықшалар;
ә) устрицаның қабығы;
б) түтікшелі қабықшалар;
в) биоқабықшалар.
10. Азот оксиді мен күкірт диоксидінің құрамының жоғарылығы 
адам қызметінің ... шамасымен түсіндіріледі.
а) 15%; 
ә) 42%;
б) 70%;
в) 95%.
11. Наномембраналар үшін кеуек өлшемі, өткізгіштік және 
беттік химиялық белсенділіктің таралуын бөлшектің бастапқы 
параметрлерін өзгерту есебінде ненің негізінде реттеуге болады:
а) алюмоксанның; 
ә) кремнийдің;
б) жартылай өткізгіштіктің;
в) биохимияның.
12. Биологиялық наносенсорлар мыналарға арналған:
а) әйгілі ғалымдарды табу;
ә) маңызды биологиялық белгілерді табу;


б) тұнбаларды өлшеу;
в) аяқ киім өлшемін анықтау.
13. Топырақтағы уытты ауыр металдарды, мысалы қорғасын, ни­
кель, сынап және тіпті уранды ... есебінде бейтараптандыруға болады:
а) мырыш құрамын анықтау; 
ә) натрийді қосу;
б) темірдің тотығуы;
в) хлорды қосу.
14. Судың ластануы күтпеген жерден немесе ақырындап, әдейі 
немесе кездейсоқ оған ... түскендіктен болады:
а) топырақ;
ә) суытқыштағы мұз кесегі;
б) су лаласы;
в) ластаушы заттар.
15. Қазіргі таңда сүт безінің қатерлі ісік ауруының қанша түрі
бар?
а) 
1 1

ә) 14;
б) 15;
в) 17.
16. Күрделі құрылымдарға бұралатын аминқышқылдарының 
ұзын тізбектері былай аталады:
а) липидтер; 
ә) ризомалар;
б) оригамалар;
в) ақуыздар.
17. Атомдық деңгейде басқаруға болатын, құрылымдарды, аспап- 
тарды және тамаша қасиеттері бар жүйелерді зерттеумен байланысты 
қызмет саласы былай аталады:
а) аэродинамика; 
ә) микробиология;
б) нанотехнология;
в) биологиялық инженерия.


18. Молекулалық деңгейде аурулар мен зақымданған ұлпаларды 
емдеуге бағытталған, медицина саласы қалай аталады?
а) наномедицина; 
ә) акушерлік;
б) ядролық медицина;
в) ринология.
19. Адам ең алғаш рет байқаған жасыл балдыры мынау:
а) ^ер1о8рі^а (лептоспира);
ә) §ассһаготусез (сахаромицета);
б) §ріго§уга (спирогира);
в) Азрегдіііш (аспергилл).
20. Дәрі-дәрмектерді ағзаның тиісті жеріне жеткізу мүмкіндігі 
былай аталады:
а) хемосинтез;
ә) фармакология;
б) фотосинтез;
в) био қолжетімділік.
21. Түтікше ішінде табылған алғашқы кішкентай бостықтарды 
былай атаған:
а) сіркелер;
ә) жасушалар;
б) майға қуырылған картоптар;
в) тесіктер.
22. Наносымды детекторлар үлкен дәлдікпен мыналарды ажы- 
рата алады:
а) металдарды;
ә) бейорганикалық молекулаларды;
б) вирустарды;
в) жер құрттарын.
23. Темірдің макробөлшектеріне қарағанда, беттік ауданының 
үлкендігінен темірдің нанобөлшектері аса жоғары реактивтілікке ие:
а) 2-3 есе; 
ә) 5-7 есе;
б)10-1000 есе;
в) олар оған ие емес.


24. Шығыс медицинасы алдын алумен, ал батыс медицинасы 
мыналарды емдеумен жақсы айналысады деп тарихи қалыптасқан:
а) әжімдерді;
ә) жарақаттарды;
б) күйзелістерді;
в) сыртқы құлақтың қабынуын.
25. Электр және магнетизм, ауалық және сулық ағындар, жылу 
және суық, сонымен қатар басқа факторлар нанобөлшектердің келесі 
қасиеттеріне әсер етеді:
а) оның атына;
ә) нарықтық көз тартқыштығына;
б) қаржыландыру әлеуетіне;
в) орын ауыстыруы мен реакцияларға.
26. Медициналық немесе аграрлық мақсаттарда ақуыздарды жа- 
сау және өзгертумен байланысты қызмет саласы былай аталады:
а) липидті инженерия;
ә) үйде өздігінен емделу;
б) ақуыз инженерия;
в) бақшаны күту.
27. АҚШ-та NN1 аббревиатурасы мынаны білдіреді:
а) № опаЫ Nаппу Іпіііаііуе (Бала күтушілердің жаңа туылған 
сәбилерге деген ынтасы);
ә) №йопа1 №иго1о§іса1 ІпзШиІе (Үлттық неврологиялық инсти­
тут);
б) Nап
0 8
сіепсе апгі Nапо1есһпо1о§у ІпзІіШІе (Наноғылым инсти­
туты және нанотехнологиялар);
в) №ііопа1 Nапо1есһпо1о§у Іпіііаііуе (Үлттық нанотехнологиялық 
бастама).
28. Ластаушы заттардан суды тазалау үшін қолданылатын 
керамикалық мембраналарда мыналар қолданылады:
а) натрий;
ә) темір;
б) қорғасын;
в) мырыш.


29. Оптикалық спектр сараптамасының негізінде үлгілерді зерт- 
теу былай аталады:
а) спектроскопия; 
ә) климатология;
б) астрономия;
в) вирусология.
30. Микрокапсулаларды автоматты түрде жасау былай аталады:
а) дөңгелек бүйрек; 
ә) криогенезис;
б) өздігінен жинақталу;
в) кальцилену.
31. Наномасштабты деңгейде механикалық, оптикалық және 
электромагниттік қасиеттердің кең өзгерісі былай жүзеге асады:
а) жергілікті және мемлекеттік органдардың ережесімен; 
ә) фотодинамика заңдарымен;
б) сұраныс пен ұсыныс ұстанымдарымен;
в) кванттық механика заңдарымен.
32. Тірі ағзалардың ішіндегі эксперименттер былай аталады:
а) іп сепіго; 
ә) іп 
у і у о ;
б) іп ііуо;
в) іп уііго.
33. Кем дегенде бір наномасштабты өлшемі және жоғары 
каталитикалық өлшемі бар материалдар былай аталады:
а) биомаркерлер; 
ә) энзимдер;
б) нанокатализаторлар;
в)антиденелер.
34. Биологиялық үдерістер аясындағы реакциялар немен 
тежеледі:
а) түрлендіргіштермен; 
ә) рәзіңке қолғаптармен;
б) шаңдарды түсіруге арналған сыпыртқымен;
в) тасымалдағыштармен.


35. Нанотехнологиялар тек ... басқа, әртүрлі аурулармен күресу 
үшін дәрігерлерге жаңа қуатты аспаптарды береді:
а) қатерлі ісік;
ә) бас бармақты сору;
б) дегенерация;
в) қартаю.
36. «Жасыл» нанотехнологияларға мыналар жатады:
а) қоршаған ортаға қауіпсіз химиялық және технологиялық 
үдерістер;
ә) табиғи бояғыштар мен талшықтар;
б) тектоникалық үдерістер;
в) ауыр металдар, мәселен, күшән, хром және кадмий.
37. «Чиптегі-зертхана» мыналардың негізінде жасалады:
а) өте кішкене түтікшелер мен центрифугалар;
ә) асқынторлы наносымды шаблонның тасымалы;
б) өте жіңішке аспаптар көмегімен зертхана жасау;
в) асқын кіші пипеткалар мен сымдар.
38. Инъекция орынына темір нанобөлшектерін пайдалану ласта- 
ну деңгейін айтарлықтай төмендететінін эксперимент қанша сағат 
(немесе күн, ай) өткен соң көрсетті?
а) 3-4 сағат; 
ә) 1-2 күн;
б) 5-6 күн;
в) 3-4 ай.
39. Бөлшектер қармалатын және макрофагалармен ұсталынатын 
құбылыс қалай аталады?
а) тас болып қатып қалу; 
ә) тұщыландыру;
б) фагоцитоз;
в) ауыздан жағымсыз иістің шығуы.
40. Қандай заңға сәйкес серіппенің созылуы оны керетін күшке 
тепе-тең болады?
а) Хейфер заңы; 
ә) Худ заңы;
б) Гермион заңы;
в) Гук заңы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет