Нанотехнологиялар


«Жасыл» нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет71/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

«Жасыл» нанотехнологиялар - қоршаған ортаға зиянсыз
химиялық және технологиялық үдерістер қолданылатын техноло-
гиялар.
Негізінде «жасыл» нанотехнологиялар талап материалдарына 
ұсынылған өндірістік үдерістерді, химиялық іс-шараларды жақсартуы 
керек және сонымен қатар, ағымдағы қауіпсіз заттар мен үдерістерді 
алмастыруы тиіс. Бұл энергия мен материалдардың шығынын 
қысқартуға мүмкіндік береді.
Осы мақсаттарға жету үшін ғалымдар келесі бағыттарда зерттеу- 
лер жүргізіп жатыр:
• өндірістік үдерістер үшін жаңа жетілдірілген катализаторларды 
атомдық деңгейде синтездеу;
• жаңа молекулаларды жасау үшін молекулаларға ақпараттарды 
енгізу (ДНҚ сияқты);
• жаңа химикаттар мен материалдар үшін негіз ретінде молеку- 
лалардың өздігінен жинақталуы;
• микро және нанореакторларда молекулаларды жасау;
• күн сәулесінің батареялары мен отын элементтері негізінде, ба- 
ламалы энергияны қолдану, сонымен қатар, энергияны тасымалдаудың 
жаңа тәсілдерін өңдеу.
• энергияны неғұрлым үнемді пайдалану мақсатында өндірістік 
үдерістерді жетілдіру.
«Жасыл» химия мен «жасыл» технологиялардың мағынасы 2005 
жылы химия саласы бойынша «Органикалық синтезде метатезис 
әдісін дамытуға қосқан үлесі үшін» Нобель сыйлығын Калифорниялық 
технологиялық институттан Роберт Граббсқа (АҚШ), Массачусет тех­
нология институтынан Ричард Шрокқа (АҚШ) және Мұнай институ- 
тынан Ива Шовенге (Франция) ұсынғанда жоғары бағаланған.
Метатезис - қос химиялық байланыстардың ауыстырылуын, 
яғни атомдардың бірнеше топқа бөлініп, бір немесе екі молекуланың 
көміртекті сүлдесінің «өзгерісін» білдіреді.


Осындай реакцияның типтік мысалы мынадай: 
№ С і+ А § Ш
3
= А § а + N N
0 3
Реакцияның бұл типінің химия өнеркәсібінде үлкен мәні бар, 
мысалы, дәрі-дәрмек және пластмасса өндіруде, өйткені, метатезис 
үшін энергия аз мөлшерде жұмсалады және зиянды жанама өнімдер 
мөлшері азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет