1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология,шикізат,реагент,мақсатты өнім,жанама өнімдер,қосымша материалдар,қалдықтар. Химиялық технология



бет1/15
Дата14.11.2023
өлшемі5,58 Mb.
#191413
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
охт сессия ответ 30 сурак (1)


1.Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары:химиялық технология,шикізат,реагент,мақсатты өнім,жанама өнімдер,қосымша материалдар,қалдықтар.
Химиялық технология – шикізатты химиялық өңдегенде жүретін табиғаты жағынан күрделі химиялық және физика-химиялық құбылыстарға негізделген процестерді қарастырады. Химиялық өндіріс өте көп мөлшерде шикізатты өңдейді жəне осындай көлемде су, отын, энергия жұмсайды. Көптеген химиялық өндірісте 1 т өнімге шаққанда шикізаттың жұмсалу коэффициенті 3-4 т жетеді, ал кейбір жағдайда 6 т құрайды.
Шикізат – өндіріс өнімдерін өндіруге пайдаланатын табиғи заттар және жартылай өнімдер.
Шикізат – өндірістің экономикасын көрсететін, өндірілетін өнімнің технологиясы мен аппараттарының таңдалуы мен сапасы тәуелді болып келетін өндірістің ең негізгі элементі.
Реагент (ре… және лат. agentіs — әсер етуші) — химиялық реакциялардағы бастапқы заттарды анықтайтын техникалық термин. Сондай-ақ қандай да бір мақсатқа қолданылатын құрамы күрделі ерітінділерді де Реактив деп атайды.
Мақсатты өнім(Дайын өнім) - кәсіпорында жасалып шыққан (өңдеудің барлық сатыларынан өткен) және өндірістік немесе жеке бастың тұтынуы үшін жарамды өнімдер; өнеркәсіпте — бұдан әрі өңдеуге немесе құрастыруға жатпайтын және сыртқа (басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) босатуға арналған өнімдер
Жанама өнімдер – өңдеу кезінде мақсатты өніммен қатар алынатын, бірақ берілген өндірістің көздегеніне жатпайтын өнімдер.
Қосымша өнімдер -өндірістік үдерістің мақсатты өнімі болып табылмайды, бірақ өндірістің негізгі өнімдерімен қатар шикізатты өңдеу үдерісінде түзіледі. Бірақ қосымша өнімдер сапалы дайын өнімдер ретінде қолданылуы мүмкін. Олар көбінесе, мемлекеттік немесе салалық стандарттар мен техникалық жағдайларға сəйкес келетін тауар түрінде болады.
Өндіріс қалдықтары – өнім өндіру үдерісінде түзілетін аздап немесе толығымен өзінің сапасын жоғалтқан жəне стандартқа сəйкес келмейтін шикізат қалдығын, жартылай өнімдерді, материалдарды айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет