1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология,шикізат,реагент,мақсатты өнім,жанама өнімдер,қосымша материалдар,қалдықтар. Химиялық технология



бет8/15
Дата14.11.2023
өлшемі5,58 Mb.
#191413
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
охт сессия ответ 30 сурак (1)

Cудың кермектігі— құрамында кальций (Са2+) мен магний (Мg2+) иондарының (негізінен карбонат түрінде) болуынан қалыптасатын судың қасиеті. Cудың кермектігі анықтамасы бойынша: жалпы, уақытша (жойылатын), тұрақты, карбонаттық, қалдық болып бөлінеді. Жалпы кермектік суда кальций мен магнийдің барлық тұздарының болуынан қалыптасады. Уақытша және карбонаттық кермектік онда кальций мен магнийдің тек гидрокарбонаттық (HCO3)және карбонаттық (СО32~) тұздарыныңболуымен байланысты. Мұндай кермектілікті суды қайнату арқылы кетіруге болады. Тұрақты (жойылмайтын) кермектік жалпы және жойылатын кермектіктердің айырымына тең. Қалдық (бейкарбонаттық) кермектік жалпы және карбонаттық кермектіктердің айырымына тең.
Суды тазарту жолдары: мөлдірлеу, зиянсыздандыру, жұмсарту, тұзсыздандыру, газсыздандыру.
• Мөлдірлеу – су құрамындағы механикалық қоспалардан суды тазарту үшін үлкен
бетондалған ыдысқа тұндырады, қалған заттардан ажырату мақсатымен құм сүзгіштен
өткізеді.
• Суды зиянсыздандыру – суды микроорганизмдерден жəне бактериялардан тазарту əдісі:хлорлау, озондау немесе қайнату.
• Суды жұмсарту – су құрамындағы ерітінді түріндегі Са жəне Mg тұздарынан жарым-
жартылай немесе толық тазарту. Суларды жұмсарту əдістері: физикалық, химиялық
жəне физикалық-химиялық болып бөлінеді.
• Суды газсыздандыру – суды еріген газдан тазарту. Суды газсыздандыруға химиялық
жəне физикалық əдістер қолданылады. тәжірибеде кеңінен қолданылады.
Су-әмбебап және қол жетімді еріткіш. Бұл қасиет сұйық дәрілік формаларды дайындау кезінде суды еріткіш және дисперсиялық орта ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Тазартылған суды медицинада қолдану:
• ішке және сыртқа қолдануға арналған дәрілік ерітінділер;
• көз тамшылары және офтальмологиялық ерітінділер;
• жаңа туған нәрестелерге арналған дәрілік препараттар;
• кейіннен стерильдеу көзделген инъекциялық емес ерітінділер. Егер дәрілік түрлер үшін зарарсыздандыру қарастырылмаса, тазартылған стерильді су қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет