жоғары концентрациядағы ластағыш заттармен әрекеттесуді айтады.
Қауіптілік дегеніміздің өзі туындаған мәселе болып табылады (мы
салы, аэрозоль пішініндегі бірқабатты көміртекті нанотүтікшелердің
әсері олармен дем алу мүмкіндігімен, ал қаупі - тыныс алу мүшелеріне
әлеуетті қауіптілігімен сипатталады).
Қауіп факторы және оларды
бағалау әдістері туралы толығырақ 13 тарауда жазылған.
Өкінішке
орай,
бүгінде
жасанды
жолдармен
жасалған
нанобөлшектердің токсикологиясының «сулы» әрекеттесуі туралы
ештеңе белгісіз. Бүгінде аэрозольдердің тірі ағзаға ықпалы туралы
ғана аздаған дерек белгілі.
Дегенмен, нанобөлшектердің биологиялық
үдерістерге ықпалы әлі зерттелмеген.
Қазіргі
уақытта кварц, титан және темір нанобөлшектерінің
жасушалардың қалыптасуы мен тыныс алу жүйесіне биологиялық
әсері қарқынды түрде зерттелуде.
Осыған ұқсас зерттеулер
нанобөлшектердің адам терісіне әсер етуін зерттеу үшін АҚШ-тың
ғылыми-зерттеу зертханаларында жүргізілуде.
Ғалымдар
мен
саясаткерлерді
толғандыратын
маңызды
сауалдардың бірі, нанобөлшектердің қоршаған ортаға тұрақты неме
се кенеттен масштабты әсер етуінің салдарының деңгейі болып та
былады. Бұны қандайда бір жағымсыз әсер етеді деп сенімділікпен
айта алмаймыз. Өйткені, бүгінге дейін
нанобөлшектердің қандай
қасиеттері қоршаған ортаға қанша мөлшерде зиян келтіретінін ешкім
дөп басып айта алмайды.
Қазіргі кезде ғалымдарға нанобөлшектердің көптеген жақсы
қасиеттері белгілі. Дегенмен, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаның
амандығы үшін жағымсыз салдарлардан құтылу үшін жаңа нано-
технологияларды қолданғанда болатын барлық жағымсыз әсерлерді
қарастырған жөн.
Ғалымдар әсерге қоршаған орта
мен биологиялық ағзалар
(бактериялар, балық, адамдар) ұшырайтын нанобөлшектердің
нақты мөлшерлерін зерттеумен айналысады. Нанобөлшектердің
қоршаған ортада таралу жылдамдығы мен тиімділігін болжау үшін,
нанобөлшектердің орын ауыстыруының
барлық тәсілдерін мұқият
зерттеу керек.
Наноматериалдар кеуекті материалдарда әртүрлі тәсілдермен
таралуға
қабілетті.
Мысалы,
фуллерендер
мен
бірқабатты
көміртекті нанотүтікшелер мүлдем өзгеше қозғалыстарды көрсетеді.
Наноқұрылымдарды жинауда олардың қозғалғыштығы айтарлықтай
төмендейді. Дьюк университетінің (АҚШ)
профессоры Марк Визнер
өзінің әріптестерімен әртүрлі нанобөлшектердің қозғалғыштығы мен
орын ауыстыруларының әдістерін зерттеумен айналысады.
«ЖАСЫЛ» НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР
Нанотехнологиялар өндірістік үдерістерді екі түрлі әдіспен
өзгертуге қабілетті.
Біріншіден, өндіріс қалдықтарын тез азайту және
оның тиімділігін арттыру есебінен. Екіншіден, өндірістік үдерістерде
тиімділікті жоғарылататын және уытты және лас материалдардан, со-
нымен қатар, соңғы өнімдерден құтылуға мүмкіндік беретін нанома-
териалдарды катализатор ретінде пайдалану есебінен.
Достарыңызбен бөлісу: