сталдарды (созылған өзектер мен шектелген кристалликтерді)
өсіріп
шығарған.
8.2-сурет. Кварцтың нанокристалдары
Сонымен
қатар,
ғалымдар
поляризацияланбаған
жарық
шығаратын сфералық нанокристалдарға қарағанда, стержень пішінді
нанокристалдар өзінің ұзын өсінің бойымен поляризацияланған
жарық шығаратынын көрсетті. Осы қасиетінің арқасында бұндай на
нокристалдар биологиялық маркерлер ретінде пайдалануға қолайлы.
Аливисатос әріптестерімен стерженьдердің
сәуле шығару және
жұту энергияларының арасындағы шекара сфераларға қарағанда
көп екендігін байқады. Бұл қасиет шығарылатын жарықтың бір
бөлігін жұтатын жарық шығарушы
диодтардың сипаттамаларын
жақсартуға мүмкіндік береді. Нанокристалды өзектерді қажетті
бағытта тығыз орналастыруға болатындықтан (қоймадағы бөренелер
сияқты, 8.3-сурет), оларды жарық диодтары мен фотогальваникалық
элементтерінде пайдалануға болады.
Ғалымдар әртүрлі қайран қалатындай пішіндегі, мысалы, тамшы,
бағыттағыш
және тіпті, рычаг түріндегі нанокристалдарды өсіруді
үйреніп алды. Мұндай пішінді нанокристалдар әлі өзінің қолданыс
аясын таппады, бірақ олардың болашақта пайдаға асуы әбден мүмкін.
Мысалы, рычаг пішініндегі тетрапод типті құрылымдарды (8.4-сурет)
наноэлектроникада дәнекер ретінде қолдануға болады.