Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет86/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Наноқабықшалар
6-тарауда наноқабықшалар толық сипатталғанымен, олар 
наномасштабтағы ақылды материалдардың маңызды компоненті 
болғандықтан, осы бөлімде де еске түсіре кеткен жөн. Наноқабықшалар
— икемделетін оптикалық қасиеттері бар жаңа типті нанобөлшектер 
түріне жатады. Олар әдетте диэлектрлік ядродан (мысалы, крем­
ний) және аса жіңішке металл қабықшадан тұрады (мысалы, алтын). 
Жарық пен осы металл электрондарының белсенді әрекеттесу қабілеті 
әсерінен алтын наноқабықшалары алтынның коллоидтық ерітінділері 
сияқты жоғары оптикалық абсорбциялық қасиеттер көрсетеді. Бұл 
қасиеттер іс жүзінде кеңінен қолданылады. Мысалы, алтынның 
қызыл коллоидтық ерітінділері жүктілікті анықтау тестілерінде пай- 
даланылады.
Белгілі болғандай, алтын наноқабықшалардың қасиеттері ядро 
өлшеміменалтынқабықшаныңқалыңдығынатәуелдіболады.Кванттық 
нүктелер мен наносақиналардағы сияқты наноқабықшалардың


өлшемін басқара отырып, бұл қасиеттерді өзгертуге болады. Бұл кез- 
де олардың көрінетін аймақтағы түстері ғана емес, сонымен қатар, 
жұтылған және шағылған жарық қатынасы да өзгереді.
Наноқабықшаларды алғашқы рет Райс Университетінің (АҚШ) 
профессоры Наоми Халас (№ о т і Наіаз) алған. Оларды жасау үшін 
әртүрлі ғылым аймақтары: химия, физика, оптика және электро­
ника бойынша білімдер мен технологияларды пайдалану қажет 
болды. 2001 жылы Наоми Халас өзінің әріптесі Дженнифер Уэст- 
пен (Теппі&г Шгзі) бірге медициналық мақсаттағы наноқабықшалар 
жасаумен айналысатын Nапо8рес^^а Віозсіепсез, Іпс. компаниясын 
құрады. 8.6-суретте қатерлі ісіктің айрықша орындарына жабыса ала- 
тын полиакриламид және антиденелермен қоршалған типтік алтын 
наноқабықшалар көрсетілген.
8.6-сурет. Полиакриламидті гелі бар «галосы» бар наноқабықша
Қазіргі таңда ғалымдар осындай наноқабықшалардың келесі 
қолданылу мүмкіндіктерін зерттеуде:
• қанды оптикалық талдау;
• оптикалық көрсету;
• қатерлі ісік және сары дақтың дегенерациялану (көздің жарыққа 
сезімтал жасушаларының ауыруы) орталықтарын фотометриялық 
аблациялау («қуыру»);
• ағза ішінде дәріні жеткізу;
• оптикалық бақыланатын микроқұрылымды техника;
• биологиялық сенсорлар.
• Сонымен қатар, наноқабықшаларды полимерлі қабықшалардың


фотототығу үдерістерінде ингибитор ретінде қолдану болжамы да 
бар.
Катализаторлар
Көптеген жылдар бойы нанотехнология ғылыми - фантастикалық 
туындылар авторлардың жазуы бойынша жеке атомдарға әрекет жа- 
сай алатын өте кішкентай жасанды молекулярлық роботтар ретінде 
елестейді. Алайда адамдар көптен бері табиғи молекулярлы «монтаж- 
шыларды» қолданып келеді және олар катализаторлар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет