Бұл жаңа нанокомпозиттердің ең маңызды қолданысы олар-
ды беттің аса жоғары ауданында беріктігі жоғары ультра-кіші дәнек
наноөлшемді құрылымдарды жасау үшін қолдануға болады. Кейбір
саздардың нанобөлшектері басқа материалдармен нанокомпозиттерді
түзе отырып қосылады. Саздың бұл наноөлшемді бөлшектері
монтмориллонитті (жұмсақ силикатты балшық сұйықты жұтқан
кезде) құрайды және түсті қағаздар мен косметика өндірісінде
қолданылады.
Нанокомпозиттер - негізгі макроскопиялық материалга
(матрицага)
нанобөлшектерді
енгізу
есебінен
жасалатын
материалдардың жаңа түрі.
Мысалы, кейбір нанокомпозиттер
силикатты
балшықтың
бөлшектерін пластмассаға немесе керамикаға енгізу негізінде жа-
салады. Бұндай аса қатты нанокомпозиттер қазір панельдер мен
баспалдақтар жасау үшін автокөлік өнеркәсібінде қолданылуда.
Жаңа
нанотехнологиялар,
сонымен
қатар,
жеке
наноқұрылымдарды талдау әдістері мен құралдары және оларды
басқару, материалтанушылар алдында кең мүмкіндіктерді ашады. Енді
олар бейорганикалық, органикалық және биологиялық жүйелерді бір
интеграцияланған асқын құрылымға біріктіре алады.
Сонымен қатар, саздың нанобөлшектерінің нанокомпозиттерін
беріктікті арттыру үшін қолданады. Олар өздігінен қозғалатын па-
нельдерде және вагондардың баспалдақтарында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: