Нанотехнологиялар


Тозаңдандырылған наносымдар



Pdf көрінісі
бет100/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Тозаңдандырылған наносымдар
Тозаңдандырылған наносымдар басқа материал табанша- 
сында түзіледі, мысал ретінде тоқ өткізбейтін табаншадағы ме­
талл атомдарының қатары ретінде. Бұл әдетте бу-сұйық-қатты дене 
күйіндегі наносым көзі атомдарын лазерлік абляциялау («өшіру») 
көмегімен жүзеге асырылады.
Алдымен 
шикізат 
көзі 
катализатормен 
(мысалы, 
ал­
тын нанокластерлері) әрекеттеседі. Шикізат көзінің атомдары 
катализаторға енеді және оны қанықтырады. Аса қанығу кезінде 
олар қатты күйге ауысады және наносымның кристалдарына айнала 
бастайды. Наносымның ұзындығы шикізат атомдарын беру арқылы 
реттеліп отырады. Бір материалдан наносым ғана алып қоюға бол- 
майды, сонымен қатар тозаңдандыру кезінде әртүрлі материалдардан 
түзілетін аралық материалдардың кристалдарын да алуға болады. 
Дәл осы жолмен электрлік сызбалардың жартылай өткізгіштеріне 
арналған наносымдар алады.
Наносымдар негізіндегі электрлік сызбалардың компоненттерін 
алу үшін жеке наносымдарды легирлейді (яғни басқа химиялық 
заттардың қоспаларын қосады) және р-типті және п-типті жартылай 
өткізгіштер алынады. Содан кейін р-п типті ауысуды р-типті сымды 
п-типті сыммен қарапайым физикалық байланыстыру немесе әртүрлі 
материалдармен легирлеу арқылы тіркейді. Мысалы, р-п-типті ауысу­
ды бір ғана сымның көмегімен алуға болады. Ауысулар жасалғаннан 
кейін бірнеше р-п-типті ауысулар көмегімен логикалық затворлар 
жасауға кірісуге болады.
Нанотехнологияның көптеген артықшылықтарын іске қосу 
арқылы өткізгіш және жартылай өткізгіш наносымдар көмегімен 
болашақ компьютерлер үшін өте маңызды бөлшектер жасалынады.
Наносымдардың қасиеттері мен қолданылуы
Наносымдар өздерінің өте кішкене өлшемдерінің арқасында 
бірегей электрлік қасиеттер көрсетеді. Түйісулер арасындағы 
еркін қозғалатын электрондары бар көміртекті нанотүтікшелермен 
салыстырғанда наносымдардың өткізгіштігі шектік әсерлерге қатты 
тәуелді болады, себебі наносымның ішкі және сыртқы қабаттарында 
орналасқан атомдар көрші атомдармен әртүрлі байланысқан. Беттік


қабатта жартылай 
байланысқан атомдар наносымның электр 
өткізгіштігі төмендететін ақауларды тудыруы мүмкін. Наносым 
кішірейген сайын оның беткі қабатындағы атомдар саны артып шектік 
әсерлер күштірек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет