баларды және т.б. жоғарырақ дәлдікпен зерттеуге болады.
Наноэлектронды сызбалардағы атомдардың нақты орнала-
су орнын анықтау молекулярлық сызбаларды жасаушалардың
және жобалаушылардың жұмыстарын жеңілдетеді, сонымен қатар
олардың тиімділігі мен өнімділігін де арттырады. Сонымен бірге,
зарядтар негізіндегі емес спиндер негізіндегі сызбалар жасау
магнитті құрылымдар негізіндегі электрониканың (дәлірек айтқанда,
спинтрониканың) жаңа жолының дамуына жол ашады.
Наномасштабты
элементтердің
құрылымдық
беріктілігін,
адгезиялық
және
гидродинамикалық
қасиеттерінің
өзгерісі
наноқұрылғыларды жобалау мен жасаудың жаңа әдістерін жасауға
да мүмкіндік ашып отыр. Себебі бұл масштабтағы жұмыстар біраз
қиындықтар туындатып отыр. Мысалы, механикалық әсерлер,
беттік керілу, диффузия және коррозия көбінесе беттік аудан/көлем
қатынасының жоғары болуынан біршама артады. Ірі аналогтармен
салыстырғанда наномасштабты құрылғыда қыздыру мәселелерінің
де мағынасы зор болады.
Достарыңызбен бөлісу: