Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет111/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Нанолинза
Джорджи (АҚШ) Техникалық универститеті мен Тель-Авива 
университетінің бір топ зерттеушілері бірнеше атом төңірегінде ғана 
жарықты шоғырландыру әдісі мен оптикалық үлкейтуді миллион рет 
арттыруға қол жеткізуге арналған жұмыстарды жасауда. Өлшемдері 
мен ара-қашықтықтары біртіндеп қысқаратын бірнеше металл нанос- 
фераларынан құралған қатар көмегімен жарықты өте кішкене аймақта 
шоғырландыруға болады. Мұндай талпыныс балалық шақтағы лупа 
көмегімен қағазды тұтандыруға тырысқан әдетке ұқсас. Наносфералар- 
ды пайдалануға негізделген әдісті нанобөлшектер мен молекулаларды 
табуға және оларды басқаруға қолдануға болады.
10.1-суретте өлшемдері 50 мен 5 нм аралығындағы наносфера- 
ларды пайдаланып жасалған нанолинза моделі көрсетілген. Ең үлкен 
наносфераны жарықтандырған кезде наносфера маңында тарала- 
тын тербелмелі электрондар толқындары пайда болады (плазмондар) 
да соның нәтижесінде электромагниттік өріс (Эббесен мен Вольф 
тәжірибелеріндегі сияқты) туады. Бұл өріс бірізді кішірейіп отыратын 
наносфералар арқылы өтіп, қоюланады және нүктеге айналады. Осы- 
лайша жарықтың қарқындылығы миллион есе артады.
Мұндай ұлғайтудың кейбір спектроскопия түрлері үшін маңызы 
зор. Беттік плазмондардарды құрылғыда лазерге ұқсас етіп жинақтауға 
болады, ол спазер (латыншадан зразег - зигіасе ріазтоп атріійсайоп 
Ьу зіітиіаіей етіззіоп о£ гагііайоп, беттік плазмондар көмегімен 
себепші сәулелерді күшейту) деп аталады. Спазер жұмысында металл 
нанобөлшектер мен жартылай өткізгіш кванттық нүктелердің белсенді 
орталықтары қатысады.
Жалпылама талшықтық ұлғайтуды еске түсіріңіз. Нанооп­
тика, оптоталшықты кабельдер ашылған кездегідей технологиялық 
секіруге алып келуі мүмкін. Нанооптика көмегімен ғалымдар мен ин- 
женерлер мәліметтерді тасымалдау және өңдеуді елеулі жетістіктерге 
қол жеткізуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет