Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет109/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

УАҚЫТША МАСШТАБТЫҢ ӘСЕРІ
Материалдардың қасиеттері олардың өлшемдері кішірейген 
сайын өзгеріп отырады. Наноскопиялық үдерістердегі уақытша мас- 
штабтарда не болады? Ұзындық масштабының өзгерісі үдерістердің 
уақыт масштабының өзгерісімен тікелей байланысты. Барлық адамға 
да, бес тағамнан тұратын кешкі ас бес печеньеден тұратын түстіктен 
ұзағырақ болатыны түсінікті.
Ғылыми тұрғыдан қарағанда бұл түсінікті. Объектіні жақын 
қашықтыққа жылдамдық сақтай отырып (мысалы, фотондар үшін 
жарық жылдамдығымен) ауыстыру үшін азырақ уақыт қажет болады. 
Алайда бәрі біз ойлағандай жеңіл емес, сондықтан ғалымдар басқа да 
көптеген факторларды, мысалы, беттік қабаттың үлкеюіне байланы- 
сты ықпалды ескеруі керек.
Кішкентай материалдардың бірегей қасиеттерін зерттеу үшін 
көптеген жаңа құралдар (мысалы, атомды күштік микроскоп) жасауға 
тура келді. Жылдам өтетін кванттық үдерістерді зерттеу үшін, әлі де, 
мүлдем жаңа құралдарды жасау қажет болады.


Нанооптика
Нанооптика жарықтың өзінің толқын ұзындығынан да кіші 
бөлшектермен әрекеттесу үдерістерін қамтиды. Ғалымдар жарықтың 
әсерінен нанобөлшектер оптикалық жиілікпен тербелетіні және 
электромагниттік толқындар тәрізді әрекеттесетінін анықтай алған.
Плазмон - бос электрон газының бірлескен тербелістері
түріндегі, плазмалық тербеліс кванттануына сәйкес келетін
квазибөлшек.
Атомдар 
мен 
молекулаларда 
жарық 
шашыраған 
кезде 
фотондардың көбі олардан серпімді шағылады. Дәл осы құбылыс 
Раман шашырауы (К атап зсайегіпд) деп аталып кетті. Шашыраған 
фотондардың энергиялары (жиілігі) мен толқын ұзындығы қоршаған 
фотондардікіне тең болады.
Раман шашырауы - бұл жарықтың газда, сұйықта және
кристалдарда жиілігін біршама өзгерту арқылы таралуы.
Алайда жарықтың біраз бөлігі (шамамен 1%) қоршаған 
фотондардың жиілігінен аз оптикалық жиілікпен шашырайды. 
Г аздардағы раман шашырауы тербелмелі және айналмалы энергияның 
өзгерісіне алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет