Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет107/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Атомарлық жайғастыру
Молекулалар көмегімен мәліметтерді беру және өңдеу үшін атом- 
дар, молекулалар мен наносымдарды орналастыру және жинақтау 
дәлділігінің жоғары дәрежесіне жету керек, яғни 
0 , 1
нм-ден дәлірек 
болу керек.
Наномасштабты деңгейдегі жинақтаушы егжей-тегжейлі санап 
есептеуді және макроскопиялық деңгеймен байланысты стандарттау 
және өте дәл икемдеу үшін әрбір қадамның әдістемесі мен нұсқамасын 
жасау керек. Бұл мақсатқа жету үшін қозғалыстың жоғары дәлдігіне 
қол жеткізу қажет. Шын мәнінде, атомарлық жайғастыру мүлдем жаңа 
және өте жылдам дамып келе жатқан зерттеу аймағы болып табыла- 
ды. Бұл аймақ мәліметті беруді металдың беткі қабатында орналасқан 
молекула арқылы жартылай өткізуші қабат молекуласына тасымалдау 
арқылы одан да үлкен масштабты сыртқы ұштастырылған қабатқа 
беру әдістемелерін қамтиды. Көптеген аймақтардың мамандары (фи­
зика, химия, механика және материалтану) осы сияқты компьютерлік 
молекулярлық инженерия есептерін шешу үшін бірлесе қызмет етуде.
Молекулярлы электрлік немесе логикалық сызбаларды жасау
- наномасштабты коммуникациялар үшін ғана емес, сонымен бірге 
наномасштабты химия үшін үлкен мәселе. Ғалымдарға кванттық 
есептеулерге кедергі болмайтын, сызбаның сенімді элементтері бола 
алатын молекулаларды таңдап алу қажет.
Мысалы, сканирлеуші электрондық микроскоп көмегімен 
молекулярлық сызбаны зерттеу сызбаның өзін күйретуі мүмкін. 
Молекулярлық сызбаның құрылымдық тұрақтылығын қамтамасыз ету 
үшін химиктерге сызбаның молекулярлық компоненттері арасындағы 
сенімді әрекеттесуді қамтамасыз ететін химиялық қосылыс табу 
қажет. Бүгінгі таңда бұл рөлге құрамында күкірті бар органикалық 
қосылыстар, тиолдар сияқты қосылыстардың ақырғы топтары 
ұсынылып отыр. Бұл үдерісті өте қарапайым деп айтуға болмайды, 
сондықтан ғалымдар тиімдірек әдістер табуға тырысуда.
Наномасштабты дәлдікпен молекулярлық сызбаларды жинақтау 
өзінің дамуының бастапқы сатысында тұр. Ғалымдар элементарлы 
құрылымдар мен олардың қосылыстарының өздігінен жинақталу 
әдісін жасауға қол жеткізуге болады деп үміттеніп отыр. Осыдан 
кейін ғана алынған объектілерді іс жүзінде қолдануға және зертхана- 
дан өндіріске көшіруге болады.


Келе жатқан «нанотехнология ғасыры» жаңа заттардың 
қасиеттерін наномасштабты деңгейде зерттеуге және оларды ірілеу 
өнімдерге қолдануға мүмкіндік береді. Олардан жасалған құралдар 
атомарлы және электронды құрылымдарды бақылауға, наномасштаб­
ты материалдар, құрылымдар мен қасиеттерді сипаттауға, соны­
мен қатар нанодан макроға дейін бірнеше масштабтық деңгейлерде 
байқауға және талдауға көмектеседі.
Қазіргі таңда химиктер жартылай өткізгіштер негізіндегі 
наноқұрылымды материалдарды алу, талдау және модельдеуге қол 
жеткізді. Алайда басқа материалдар қосылыстарының шексіз көптілігі 
жақында наноматериалдардың бұдан да көп мөлшерін өндіруге негіз 
болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет