- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
- К.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
- СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА
- “Су ресурстары және суды пайдалану” 5В080500 мамандығы
- 3 кредит: дәріс 1, зертхана сабағы 2, СОӨЖ, СӨЖ
- Дәріскер: аға оқытушы
- Габжалилова Сара Мағауияқызы
- Педстаж : ҚазҰТУ-де 20 жылдан асты
- Безендіруші: Габжалилова Сара Мағауияқызы,
- Сызба геометрияда кез келген объекттердің ақиқи не абстрактты болсын, жер асты, жер үсті болсын проекциялау әдісімен салынған жазық кескіндері зерттеледі, қарастырылады. Сызба геометрияның әдістері геология мен құрылыста қолданылатын бірталай объекттерді: нүкте не түзумен, жазықтық не беттермен модельдеуге мүмкіншілік береді.
- 5В080500-су ресурстары мен суды пайдалану мамандығының студенттеріне СГ және ИГ- ның қажеттілігі төмендегідей:
- олардың жалпы техникалық және графикалық мәдениеттерін дамыту үшін;
- келесіде геодезия, гидрогеология, гидротехникалық құрылыстар, тағы сол сияқты пәндерді оқып, меңгеру.
- Инженерлік графика пәні бұл мамандық студенттері үшін қолданылатын сызбаларды стандарт талаптарына сай еткізіп, құжат ретінде орындау үшін кажет.
- Пәннің мақсаты – мамандық пәндерді меңгеру үшін теориялылық және техникалық негізін құру.
- Сондықтан:
- Монж эпюрінде, аксонометрия және сандық белгілері бар проекцияларда (СБП) нүктеден бастап техникалық бұйымдар элементтеріне дейін геометриялық объекттердің проекцияларын салуды үйрету;
- проекцияларда геометриялық есептерді: қиылысулар, қашықтықтар мен бұрыштарды анықтаудың шешімін тауып, берілген екі көрініс бойынша үшінші көріністі салуды үйрету.
- Аксонометрия СБП А-А тілігі
- берілген шарттарға сәйкес геометриялық объекттерді салуды меңгеру;
- күрделі емес тетіктердің, қосылыстардың сызбасын құруды үйрену, осы сызбаларда есептерді шешуге машықтану;
- стандарттарды қолданып, сызбаларды орындауға және оқуға білікті болу.
- СГ және ИГ пәнін оқытудағы жаңалықтар техниканы кең пайдаланып, кеңістіктік қабілетті дамытуға, сызбаларды жылдам оқуға негізделу керек. Бүгінгі қалыптасқан көлемдегі 3 кредит білімді меңгеруге жетіспейді. Мұнда тек СГ және ИГ-нің негіздерін ғана қарастыруға болады. Қазіргі мектепті бітіргендер үшін жаңа түрдегі электронды оқулықтарды шығару керек. Олар студенттерді ойландырып, қызықтырып пәнді үйрететін болуы керек. Пән жаңалығы – есептерді шешу жаңа әдістерге, мамандыққа қатысты есептерді енгізуге, оқыту барысын қарқындатуға байланысты болу керек.
- ТАҚЫРЫПТАРДЫ ІРІКТЕУ ЖӘНЕ
- ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
- СГ және ИГ пәні мамандыққа сәйкес етіп жасалған. Сондықтан алдыңғы 7 апта аксонометрия мен Монж эпюрі, келесі 4 апта сандық белгілері бар проекциялар, қалған 4 апта техникалық элементтерді: көріністер мен тіліктерді, бұрандалы қосылыстарды, эскиздерді салу қарастырылған.
- ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
- Бағдарлама бойынша оқыту түрлері: дәріс, зертханалық сабақтар, СОӨЖ және СӨЖ – офисте болып табылады. Дәрістерде пәннің теориялық негіздері карастырылады. Зертханалық сабақтарда сызбаларды салу және есептерді шешу әдістері үйретіледі. СОӨЖ сабақтарында дәріс тақырыптары пысықталып, сұрақтарға жауаптар беріледі, өзіндік (графикалық) жұмыстар (МГЖ) түсіндіріледі, бақылау, өздік жұмыстары орындалады. СӨЖ – офисте өзіндік жұмыстар тексеріледі, қабылданады, кеңестер беріледі.
- Құрметті студенттер! Өзіндік жұмыстарды тапсыруды артқа қалдырып жүрмеңдер, Барлық жұмыстарды дер кезінде орындап, тапсырып жүріңдер!
- ОҚЫТУДЫҢ ҰЙҒАРЫЛҒАН НӘТИЖЕЛЕРІ
- Студенттердің СГ және ИГ –ны оқып меңгеру нәтижелері төмендегідей болу керек:
- аксонометрия, Монж эпюрінде, сандық белгілері бар проекцияларда күрделі емес бұйымдардың сызбаларын салуда, оқуда білікті болу;
- жоғарыда айтылған сызбаларды стандарттар талабына сай орындауда білікті болу.
- ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
- Озық технологиялар мен мультимедиа жабдықтарды қолдануды студенттердің кеңістіктік ойлау қабылетін дамыту үшін, сызбаны жылдам оқуға негізделу керек, яғни осы міндетпен үйретуші клиптерді жасауға кірісу керек. Бұл интерактивті тақта мен компьютерлік графиканы қолданумен дуниеге келеді. Осы тақырыпқа қатысты «шебер- класс»-ты көріп, тыңдап көрсем деймін.
- БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ АСПАПТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
- Оқытушылардың сапалы білім беру және пән меңгеруді жеңілдету мақсаттары кредиттердің аз болуынан біріне бірі қайшы болып тұр. Мүмкін озық технологияларды қолданып осы 3 кредитпен де жақсы нәтижелерге қолымыз жетер келешекте. Қазір кафедрада графикалық жұмыстарды қабылдау төмендегідей ретпен жүргізіледі:
- - өзіндік орындау;
- - графикалық безендіру
- сапасы;
- - жұмысты қорғау.
- Мен Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс институтын 1978 жылы бітіріп, ҚазҰТУ-ғы педстаж 20 жылға толды. Осы уақытта 7 ғылыми жұмыс жасап, 15 оқу-әдістемелік жұмыстарым шықты.
- ЖЕТІСТІКТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
- Студенттердің білімін бағалау үшін рейтингтік бақылау қолданылады. Мамандықтың оқу жоспарына кірген әр пәннің рейтингі қорытынды бақылауға байланыссыз, 100 балдық шкаламен бағаланады.
- БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
- СГ және ИГ бойынша ұпай қою туралы мәлімет
- СГ және КГ-ны студенттер жүйелі түрде дәйектілікпен оқып, меңгеру керек. Сабаққа сызу аспаптарымен дайындалып келу керек. Бұл пәнді меңгеру оңай емес, бірақ мүмкін. Компьютер барда қолмен сызудың еш қажеті жоқ демеңдер.
- Компьютер өте керемет машина, бірақ бар болғаны ол сызу аспабы. Оның орындаған сызбаларын түсініп, оқи білу керек, сызбада әр түрлі есептерді шығара білу керек. Ол үшін СГ-ның көмегімен техникалық сауатты алдымен ашып алу керек. Өз қолдарыңмен сызбаны орындауды үйреніп жаттығыңдар, сызудан қашпаңдар.
- Графикалық жұмыстарды уақытында тапсыруды әдет етіп алыңдар, сонда оқу жемісі тәтті болады. Тапсырмада не берілді, нені анықтау керек, қалай орындау керек екенін біліп, сызбаларыңды жақсы қорғаңдар. Білім жолын, жоғары ұпай жолын таңдаңыздар! Оқуларың табысты болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |