Метрология, стандарттау, сертификаттау пәні бойынша тест
1.Стандарттау объектісінің ерекшелігіне және белгіленген талаптардың мазмұнына байланысты қандай стандарттар түрлері жасалады:
A) негізгі стандарттар
B) өнімдер мен қызметтерге арналған стандарттар
C) процестерге арналған стандарттар
D) бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістеріне арналған стандарттар
E) барлық жауап дұрыс
2.Стандарттар атқаратын қызметтер:
А) белгілі бір өнімнің сапасын, өлшем бірлігін және техникалық деректерінің салыстырымдылығын талдауды қамтамасыз ету
В) белгілі бір өнімнің сапасын, стандарттау өлшемдердің бірлігін талдауды қамтамасыз ету
С) стандартты жасау жұмыстарын ұйымдастыру және техникалық тапсырма құру(жасаушы ұйым немесе ТК)
D) стандарттау әдістемесін талдау және соңғы нұсқасын жасау
Е) белгілі бір өнімнің сапасын қарастыру, бекіту және тіркеу
3.Негізгі стандарттардың қандай түрлері бар?
А) ұйымдастырушы – әдістемелік және жалпы техникалық стандарттар
В) тар максаттағы және кең мақсаттағы стандарттар
С) жұмыстар мен басқару процесіне арналған стандарттар
D) жалпы техникалық шарт пен техникалық талап стандарттары
Е) ғылыми – техникалық және жалпы техникалық стандарттар
4.Бақылау әдістеріне арналған стандарттар қалай жіктеледі?
А) терминологиялық және номенклатуралық стандарттар
В) жұмыстарға арналған стандарт пен басқару процесіне арналған стандарт С) тар мақсаттағы және кең мақсаттағы стандарттар
D) жалпы техникалық пен ғылыми техникалық стандарттар
Е) ұйымдастырушы – әдістемелік және жалпы техникалық стандарттар
5.Ұсынылған стандарттардың қайсысы жалпы техникалық стандарттардың мысалы болып табылады?
А) ГОСТ 20809 – 75 «Аңшылық патрондар. Түрлері және негізгі өлшемдері»
В) ҚР СТ 37-98 « Машиналық және қолмен кесте тігу. Жалпы техникалық талаптар»
С) ҚР СТ 1095 – 2002 «Мақта талшығы. Техникалық шарттар»
D) ҚР СТ 1.5 – 2000 «ҚР СТ. Стандарттардың құрылысына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар»
Е) ҚР СТ 1061 – 2002 «Ашытылған сүт өнімі. Жалпы техникалық шарттар»
6.Өкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген және көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу обьктілеріне ережелерді , жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат?
А) техникалық регламент
В) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат
С) стандарт
D) Мемстандарт
Е) ұйымдастырушы – әдістемелік стандарт
7.Стандарт дайындау процесі қанша кезеңнен тұрады:
А) 2
В) 3
С) 4
D) 5
Е) 6
8.Техникалық шарттар стандарттарының бір ғана бөлімін қамтитын тар мақсаттағы стандарт:
А) жалпы техникалық талап шарттары
В) техникалық талап стандарттары
С) техникалық шарт стандарттары
D) жалпы техникалық шарттар стандарттары
Е) техно – физикалық талап стандарттары
9.Процестерге (жұмыстарға) арналған стандарттар қандай міндеттерді белгілейді?
А) өнімдердің немесе қызметтердің өмірлік циклінің жекелеген кезеңдерінде – әзірлеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, пайдалану, жөндеу және кәдеге жарату кезінде әртүрлі жұмыстарды орындау әдістеріне қойылатын талаптарды белгілеу
В) ұйымдастырушылық – әдістемелік және жалпы техникалық объектілерді стандарттау кезінде өнімді әзірлеу, өндіру, пайдалану және қызмет көрсету кезінде техникалық бірлікті қамтамасыз ететін ережелерді белгілеу
С) ғылымда, техникада, өндірісте бірнеше рет қолданылатын ғылыми – техникалық терминдерді белгілеу
D) белгілі бір қызмет саласы үшін жалпы ұйымдастырушы – әдістемелік ережелерді, жалпы техникалық талаптарды, өнімді, процестерді және қызметтерді құру және пайдалану процесінде ғылымның, техниканың және өндірістің әртүрлі салаларының өзара түсіністігін, техникалық бірлігін, өзара байланысын қамтамасыз ететін нормалар мен ережелерді белгілеу
Е) біртекті өнімнің (қызметтің) топтарына немесе нақты өнімге (қызметке) қойылатын талаптарды белгілеу
10.Стандарттау, метрология, сертификаттау саласында келісілген саясатты жүргізу туралы келісімге қосылған мемлекеттер қабылдаған стандарт түрі?
A) халықаралық стандарт
B) аймақтық стандарт
C) мемлекетаралық стандарт
D) ұлттық стандарт
E) мемлекеттік стандарт
11.Стандарттар категорияларын көрсетіңіз:
А) ұлттық стандарт, кәсіпорын стандарты, халықаралық стандарт
В) ғылыми – техникалық стандарт, кәсіпорын стандарты, өнімдерге арналған стандарт
С) ұлттық стандарт, аймақтық стандарт, бақылау өнімінің стандарты
D) халықаралық стандарт, жалпы техникалық стандарт, ұйымдастырушы әдістемелік стандарт
E) ұлттық стандарт, халықаралық стандарт, негізгі стандарт
12.Терминологиялық стандарттың негізгі міндеті:
А) стандарттау объектісіне мүдделі барлық тараптар арасындағы өзара түсіністікті қамтамасыз ету.
В) нормативтік және техникалық құжаттарда көрсетілуі тиіс көрсеткіштер тізбегін қамту
С) өнімнің өмірлік циклінің жекелеген кезеңдеріндегі талаптарды белгілеу
D) стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Е) техникалық, басқарушылық, ақпараттық- библиографиялық құжаттаманы ресімдеу
13.Ұсынылған стандарттардың қайсысы жалпы техникалық стандарт түріне жатады?
А) ГОСТ 20902 – 95 «Мектептегі асхана үстелдері. Функционалдық өлшемі»
В) ҚР СТ 37-98 « Машиналық және қолмен кесте тігу. Жалпы техникалық талаптар»
С) ҚР СТ 1095 – 2002 «Мақта талшығы. Техникалық шарттар»
D) ГОСТ 8.417 – 81 «Өлшеу бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Физикалық шамалардың бірліктері»
Е) ҚР СТ 1061 – 2002 «Ашытылған сүт өнімі. Жалпы техникалық шарттар»
14.Өнімдерге арналған стандарт құрылымы неше бөлімнен тұрады?
А) 7
В) 3
С) 5
D) 6
Е) 4
15.Hормативтік немесе техникалық кұжаттарда өнімге, процеске және қызметке қойылатын талаптарды белгілеу кезінде мәндер мен сипаттамалар көрсетілуі тиіс көрсеткіштер тізбесін қамтитын стандарт түрі
A) терминологиялық стандарт
B) көрсеткішкер номенкулатурасына ареалған стандарт
C) процесстерге арналған стандарт
D) бақылау әдісіне арналған стандарт
E) жалпы өнімге арналған стандарт
16.Бақылау әдістеріне арналған стандарт құрылымы неше бөлімнен тұрады?
А) 3
В) 6
С) 5
D) 4
Е) 7
17.Стандарттау объектілері неше топқа жіктеледі?
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4
Е) 5
18.Стандарттау объектілерін ата:
A) бақылау,сынау,талдау
B) өнім, өлшеу,
C) стандарттау, талдау
D) қызмет, процесс
E) өнім, өндіріс, үрдіс
19.Стандарттаудың нормативтік құжаттары неше топқа бөлінеді?
А) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
20.Өнімнің белгілі бір түріне не біртекті өнім топтарына қойылатын талаптарды бекітетін нормативтік құжат ?
A) бақылау әдісіне арналған стандарт
B) өнімге арналған стандарт
C) көрсеткіштер номенклатурасына арналған стандарт
D) жалпы техникалық стандарт
E) барлық жауап дұрыс
21.Ұсынылған стандарттардың қайсысы ұйымдастырушылық – әдістемелік стандарт мысалы болып табылады?
А) ГОСТ 16263 – 70 «Өлшеудің бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Метрология. Терминдер мен анықтамалар»
В) ҚР СТ 1.2 – 2002 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі»
С) ҚР СТ 1043 – 2001 «Жел эрозиясымен күресуге арналған машиналар. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы»
D) ҚР СТ 12.002 – 2002 «Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Өндірістік процестер. Қой шаруашылығы. Қауіпсіздік талаптары»
Е) ГОСТ 8.417 – 81 «Өлшеу бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Физикалық шамалардың бірліктері»
22.Процестерге арналған стандарттарда қандай негізгі талаптар ескеріледі?
A) сынақ нәтижелерін ресімдеу ережесіне
B) сынақтардың рұқсат етілген қателігіне
C) сынақтарды өткізу тәртібіне
D) дұрыс жауап жоқ
E) жұмыс тәсілдеріне, режиміне, нормасына
23.Ұсынылған стандарттардың қайсысы бақылау әдісіне арналған стандарт мысалы болып табылады?
А) ҚР СТ 1049 – 2001 «Премикстер. Талдау әдістері»
В) ГОСТ 14192 – 96 «Жүктерді таңбалау»
С) ҚР СТ 1095 – 2002 «Мақта талшығы. Техникалық шарттар»
D) ГОСТ 26907 – 86 «Қант. Ұзақ мерзімді сақтау шарттары»
Е) ҚР СТ 1155 – 2002 « Құрамында сынап бар аспаптар мен бұйымдар. Вакуум-термиялық кәдеге жарату»
24.Ұсынылған стандарттардың қайсысы процестерге арналған стандарттың мысалы болып табылады?
А) ҚР СТ 1049 – 2001 «Премикстер. Талдау әдістері»
В) ҚР СТ 37-98 « Машиналық және қолмен кесте тігу. Жалпы техникалық талаптар»
С) ГОСТ 26907 – 86 «Қант. Ұзақ мерзімді сақтау шарттары»
D) ҚР СТ 12.002 – 2002 «Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Өндірістік процестер. Қой шаруашылығы. Қауіпсіздік талаптары»
Е) ҚР СТ 1061 – 2002 «Ашытылған сүт өнімі. Жалпы техникалық шарттар»
25.СТП стандарттау объектілеріне не жатады?
А) өндірістің типтік процесстері
В) халықаралық стандарттар мен сертификаттар
С) жалпы техникалық стандарттар
D) өндірістің техникалық регламенттері
Е) кәсіпорындық стандарттар мен сертификаттар
26.Біртекті өнімдер (қызметтер) топтарына қойылатын талаптарды қамтитын стандарт түрі?
А) техникалық шарттар стандарттары
В) техникалық талаптар стандарттары
С) жалпы техникалық шарттар стандарттары
D) жалпы техникалық талаптар стандарттары
Е) жалпы техникалық стандарттар
27.Cтандарттар категорияларына жатпайды:
A) аймақтық стандарт
B) мемлекетаралық стандарт
C) кәсіпорын стандарты
D) ғылыми техникалық стандарт
E) жалпы техникалық стандарт
28.Cтандарттау жөнiндегi қызметтiң әр түрiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн құжат?
A) техникалық регламент
B) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат
C) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiшi
D) стандарт
E) бақылау стандарты
29.Стандарт дайындаудың қай кезеңінде стандартты бекіту және тіркеу жұмыстары жүргізіледі?
А) 3
B) 2
C) 6
D) 4
E) 5
30. Ұсынылған стандарттардың қайсысы техникалық талаптар стандартының мысалы болып табылады?
А) ГОСТ 20902 – 95 «Мектептегі асхана үстелдері. Функционалдық өлшемі»
В) ҚР СТ 37-98 « Машиналық және қолмен кесте тігу. Жалпы техникалық талаптар»
С) ҚР СТ 1095 – 2002 «Мақта талшығы. Техникалық шарттар»
D) ҚР СТ 12.002 – 2002 «Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Өндірістік процестер. Қой шаруашылығы. Қауіпсіздік талаптары»
Е) ҚР СТ 1061 – 2002 «Ашытылған сүт өнімі. Жалпы техникалық шарттар»
Достарыңызбен бөлісу: |