электрон қоздырылған күйге өтеді. Егер электрон жеткілікті көп энер
гия алатын болса, атомды тастап кетуі мүмкін, мұндай атом иондалған
деп аталады.
Элементарлы қоздыру - квазибөлшектің энергиясы ең аз бо
латын щоздырылған күй.
Төмен температурада квазибөлшектердің әрекеттесуі аз бола-
ды, алайда дәл осы температурада олардың тәртібі мен қасиеттерін,
мысалы, жылулық қасиетін зерттеу жеңіл. Көпбөлшекті жүйелер эле
ментарлы қоздырудың екі типімен сипатталады:
басқа объектілермен
әрекеттесу нәтижесінде квазибөлшектердің қозғалысының өзгеруімен
және бүкіл жүйенің біріктірілген қозғалысымен. Мұндай қоздырулар
ұжымдық мода деп аталады және плазмондарды кірістіреді.
Плазмондар металдардың оптикалық қасиеттерінде маңызды рөл
атқарады. Плазмондардың оптикалық қасиеттерге әсері 1989 ж. кенет-
тен табылған болатын. Нью-Джерси штатының Пристон қаласындағы
NЕС компаниясының ғылыми-зерттеу институтының қызметкері То
мас Эббесен (Тһотаз ЕЬЬезеп) диаметрі шамамен 300 нм болатын
1 0 0
млн тесіктері бар алтын пластина
арқылы көрінетін жарықтың
өтуін зерттеу жұмыстарын жасап жатқан. Тесіктер жарықтың толқын
ұзындығынан (300 нм) кіші шамамен - 400 нм болған. Волейбол до-
птарын лақтыратын торды елестетіңізші. Кванттық теорияға сүйенсек,
жарық ағынының
мұндай пластина арқылы
1 / 1 0 0 0
бөлігінің ғана өту
ықтималдығы бар. Тор мысалы бойынша қарастырсақ, мың доптың
біреуі ғана оны жарып өте алады. Алайда Эббесонның тәжірибесінде
түсірілген жарықтың
1 0 0
%-дан астамы пластинадан өтіп кеткен.
Пластинаның артқы бөлігінде алдыңғы бөлікпен салыстырғанда
көп жарық болған. Ғалым тәжірибе мәліметтерін толық тексеріп,
оны бірнеше рет қайталаған. Алайда нәтиже ешқандай өзгермеген.
Тәжірибе
нәтижесі ерекше болғаны сонша, Эббесен тәжірибенің
белгісіз бір қателігі бар шығар деп болжаған және алынған нәтижелерді
еш баспада жарыққа шығармаған.
1998 ж. NЕС компаниясында физик-теоретик Петер Вольф (Реіег
т і й ) қызмет атқарады. Ол Эббесенның жарық пен наноөлшемді
те сіктерге қатысты төтендік тәжірибелерінің нәтижелерін оқып білген.
Вольф электрондардың металл бетіндегі іс-әрекетін білгендіктен (олар
толқын тәрізді «шымырланулар» түзеді),
бұл тәжірибені қайталауға
тырысқан. Шын мәнінде, Вольф электрондардың бөлшек тәрізді
емес, ал толқындар тәрізді қасиет көрсеткенін
және белгілі бір шарт-
тарда Эббесен байқаған эффектіні көруге болатынын көреді.
Бүгінгі таңда плазмондар белсенді түрде зерттеліп келеді және
жақында компьютерлік мәліметтерді тасымалдау үшін қолданылуы
мүмкін, өйткеніолармәліметтердіэлектрондардан біршамажылдамырақ
береді және қалыпты компьютерлік чиптарда қолданыла алады.
Достарыңызбен бөлісу: