Нанолинзалар
(металл наносфералар)
50 нм
:
(диаметр)
Жарық энергиясы миллион
есе шоғырланатын
нанофокустың орны
10.1-сурет. Нанолинзалар электр өрісін тудырады. Ол бөлшектерді
миллион есе ұлғайта алады
КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕУ
4-тарауда айтылып кеткендей, ірі масштабты компьютерлік
модельдеудің наноәлем қасиеттері мен үдерістерін түсіндіру үшін
маңызы зор. Өйткені наноматериалдардың электрондық, оптикалық,
механикалық және магниттік қасиеттері олардың өлшемдері, пішіні,
топологиясы және химиялық құрамымен тығыз байланысты. Осы бай-
ланыстарды толық түсіну үшін ғалымдарға көптеген варианттардың
компьютерлік модельдеулерін жүргізуге тура келеді, себебі қазір
тек қана қарапайым көміртекті нанотүтікшелер мен жартылай
өткізгіштердің қасиеттері белгілі.
Наноәлемде жылулық флуктуациялар көптеген үдерістердің
белсенділендіру энергияларына ұқсас болып келеді. Наножүйелердің
статистикалық және компьютерлік модельдері оларды нәтижелерінің
жоғарғы дәлділігін қамтамасыз ету үшін ескеруі қажет. Сонымен бірге,
наномасштабты жүйелерді компьютерлік модельдеу үшін кванттық
механика заңдарын пайдалану керек. Компьютерлік модельдеу
наноматериалдардың қасиеттерін сипаттау және наноқұрылымдарды
жобалау үшін маңызды рөл атқарады.
ДАБЫЛДАРДЫ ЖІБЕРУ
Технологиялық инновациялар коммуникациялық саланың (мыса
лы, ^ V ^ , сымсыз және жалпақжолақтар технологиясын енгізу) және
жаңа стандарттардың дамуына себепші болады. Коммуникациялық
стандарттар әртүрлі орталар мен әртүрлі құралдар арасындағы дабыл-
дарды тұрақты жіберуді ұйымдастыру үшін маңызды рөл атқарады.
Жалпылама стандарттар болмаған жағдайда олардың арасындағы
байланыс мүмкін болмас еді.
Қарапайым
тілмен
айтқанда,
байланыс
деген
ұғым
сұхбаттасушылар бір линияда тұр дегенді білдіреді. Тұрмыста
адамдар арасында түсіністік жоғалған кезде инженерлер кейде
бейнелі түрде «жоғалған үйлесімділік» туралы айтады. Бұл сөздер
коммуникациялық құрылғылардың жұмысының ерекшеліктері мен
қиындықтарын дәл сипаттайды. Дабылдарды сәтті алмастырып от-
ыру үшін сенімді құралдар көмегімен жоғары дәлдікпен уақыт пен
жиілікті өлшеп отыру керек.
Стандарттар нанотехнологияның ары қарай дамуына және
олардың коммуникацияға әсерін зерттеуге нақты бағыттар беріп от-
ырады: радио, теледидар, интернет, ғарышты зерттеу және т.б. Сәтті
әрекеттесу үшін оптоталшықты техника мен телекоммуникация стан-
дарттары жаңа нанотехнология мен наножүйелерге арнап жасалған
стандарттарға сәйкес болуы керек.
Желілер
Электрондық коммерция, денсаулық сақтау, білім беру ғылым
және көңіл көтеру ғаламдық компьютерлік жүйелерге байланысты.
Нанотехнология негізіндегі компьютерлік жүйелерді жасау үшін
ғалымдар мен инженерлерге жүйелер мен компоненттерді тексеру-
ге арналған әдістемелер мен жаңа желілік хаттамалар жасау қажет
болады. Жаңа желілерде, мультимедиақосымшаларда және сымсыз
желілерде кванттық масштабтар мен жылдамдықтарды қолдану үшін
жетілдірілген стандарттар керек болады.
|