Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет114/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Бейнетехнологияның дамуы
Бір сурет мың сөзден тұрады деп айтады. Егер бұл рас болса, онда 
цифрлы бейнеодиск ондаған бейнетаспалардан немесе жүздеген кино 
пленка шарғысынан тұрады. Компьтерлік технологияның дамуына 
байланысты ғалымдар мен инженерлер жоғары сапалы толық түсті 
бейнероликтерді жеке қалта компьтерлерінде және стадиондардағы 
үлкен экрандарда ойнатуды ойлап тапты.
Жақында ғана, бірнеше жыл бұрын, алғаш рет жалпақ панельді 
мониторлар пайда болған еді, ал қазір олар әрбір дерлік жұмыс стол- 
дарында тұр. Нанооптикалық технологиялар өте аз уақыттан кейін 
қол жеткізілген жетістіктерді нанобөлшектер көмегімен өте нәзік 
икемді наноөлшемді калориметрлерді қолдану арқылы кеңейте түседі 
деп есептеліп отыр.
Мәліметтерді сақтау
Мәліметтерді сақтау құрылғылары компьютерлік индустрия 
тәрізді масштабтың нанодеңгейге дейін кішіреюіне қарай бағытталып, 
дамып келеді. Енді ғалымдар мен инженерлер шаштан 10 мың есе 
кіші элементтер негізінде жылдам компьютерлік чиптермен қатар, 
мәліметтерді сақтауға арналған сыйымдылығы жоғары құрылғылар 
да жасай алады. Алайда, наномасштабты компонент кіші болған сай­
ын, оны өндіру құны да қымбаттай түседі.


Электрондық құрылғыларды өндірушілердің көбі олар­
ды жасау кезінде мәлімет сақтаудың мүмкіндігінше кішкене 
компоненттерін қолдануға тырысады. Бұрында инженерлер магнитті 
тасымалдағыштарға сүйенуге тура келетін. Олар мәліметтерді сақтау 
тығыздығын және оқылу жылдамдығын арттыруға тырысқан. Бүгінде 
де зерттеушілер магниттік қасиеттерді пайдалануға ұмтылып отыр, 
бірақ тек наноматериалдар деңгейінде.
2004 
жылы 
ІВМ 
компаниясы 
мәліметтерді 
сақтауға 
арналған 
атомды күштік микроскоптың (атомды күштік микро­
скоп толығымен 4-тарауда қарастырылған) 1024 зондынан тұратын, 
32х32 массивті, полимер бетінде 50 нм қадам сайын тереңдеу жа- 
сай алатын Міііірегіе құрылғысының жасалғаны туралы хабар лады. 
Міііірейе микромеханикалық құрылғысының зондтары осындай 
тереңдіктердегі мәліметтерді оқи және жаза алады. 
1 0
.
2
-суретте осы 
іспеттес құрылғының жұмыс сызбасы көрсетілген. Мұнда зонд электр 
тоғының әсерінен ауытқиды.
10.2-сурет. Кантилевер беткі қабаттағы наноөлшемді ойықтарды 
оқиды және жазады


Зондтар полимердің жазық беттерінде шұңқырлар туындатады 
немесе қоршаған беттік қабатты балқыта отырып, оларды жояды. 
Сонымен, бір квадрат дюймға тығыздығы 1 терабит болатын жаз- 
ба немесе мәлімет сақтау жүйесін алуға болады. Яғни, бұл замана- 
уи технологиядан 40 есе озық болып отыр және жаңа әдіс ескімен 
салыстырғанда, аз энергия қажет етеді.
№ §Т мамандары аса жоғары магнитті ауысулар кезінде пико- 
секундты өлшеулерді жүргізуге арналған солқылдауыш индуктивті 
микротолқынды магнетометр (риізегі іпгіисііуе тісготоауе тадпеіотеіег
- РІММ) жасап шығарған. Бұл құрал төтенше кіші аймақтардағы 
(бір битке 160 нм
2
-тан кіші аудан) жоғары жылдамдықтағы жазушы 
бастарға арналған аса магнитті материалдардың қасиеттерін зерттеу- 
ге мүмкіндік береді. Осы жаңа магнетрон көмегімен ғалымдар жаңа 
наноматериалдардың қасиеттерін оларды алу және өсіру кезінде зерт- 
тей алады. Бұл оқылу жылдамдығы секундына 1 млрд бит болатын аса 
жылдам магнитті жадыны жасауға, яғни бүкіл Британ энциклопедия- 
сын бар болғаны бір минут ішінде жазып шығуға мүмкіндік береді!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет