Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет123/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Болашақ зерттеулер
Болашақ онжылдықта ең үлкен мәселе - планетаның 1010 адамы- 
на жеткілікті энергияны өндіру және тарату болмақшы. 2050 жылға 
дейін адамзат баласына жыл сайын қосымша 
1 0
тераватт экологиялық 
таза энергия табу қажет болады. Жалпыәлемдік көркею үшін энергия 
арзан, кең тараған және қол жетімді болуы керек, алайда, бүгінгі тех- 
нологиямен бұл мүмкін емес болып отыр.
Бұл жолда адамзатқа әлі де көптеген тосқауылдардан өту керек. 
Жаңа энергия көздерін зерттеу көп қаржыны талап етеді. Ол үшін 
профессор Смолли АҚШ тұтынылатын әрбір галлон мұнайөнімдері 
үшін 10% салық алып тұруды ұсынған еді. Алайда, бұл жаңа энер­
гия түрлерін зерттеуге арналған қосымша 
1 0
млрд доллар жинақтауға 
ғана жетер еді. АҚШ энергияны өндіруге және таратуға, импортқа 
өте көп ақша бөледі, алайда, олардың жаңа көздеріне көп ақша са- 
лынбайды. Көп мөлшердегі инвестиция жаңа технологиялар табуға 
және оларды дамытуға, сонымен қатар 
2 0 2 0
жылдың өзінде көптеген 
энергетикалық қиындықтарды шешуге мүмкіндік берер еді.
Жақын 50 жылда планетаның энергетикалық ландшафты ең 
драмалық түрде дамиды. Жаңа технологиялар жаңа мүмкіндіктер 
ашады. Көш басшылық жаңа энергия көздерін меңгеру дәрежесімен 
анықталады. Бүгінгі таңда АҚШ негізі мұнай, газ және сутекті 
пайдалануға күш салуда, алайда, 2005 жылы АҚШ президенті 
Джордж У. Буш энергетикалық биллге қол қойған соң түбегейлі 
түрде өзгеруі мүмкін. Әлемдегі ең ірі мұнайгаздық энергетикалық


сала пайыздық қатынаспен алғанда басқа салалармен салыстырсақ 
ғылыми-зерттеулерге аз ақша бөледі. Мәселенің мағынасын ескерсек, 
бұл көзқарастың төтенше болжамсыз екендігі анық.
Инвестициялар
Интеллектуалды меншік қайдан шығады? Болашақ энергетикалық 
мәселелердің шешімі қайдан пайда болуы мүмкін? Болашақта 
энергетикалық технологиялар кімнің еншісінде болады? Кімнен энер­
гия сатып аламыз? Жақында адамзат баласы барлық осы сұрақтарға 
жауап таба алады.
Энергетика министрлігі жыл сайын шамамен, 10 млн дол­
лар ақшаны нанотехнология аймағындағы зерттеулерге жұмсайды. 
Алайда, бұл қаржыландыруды біршама арттыру қажет. Кейбір 
энергетикалық компаниялар мұндай зерттеулерге қызығушылық та- 
нытуда. Мысалы, НаІІіЬигІюп компаниясы бірнеше жылдан бері бұл 
бағытта белсенді зерттеулер жүргізуіп жатыр.
Алайда, АҚШ-тың көптеген энергетикалық компаниялары на- 
нотехнологияны белсенді зерттеуге әлі көшкен жоқ. Олар нанотех- 
нологияны өздерінің болашақтағы ұзақмерзімді көркеюінің шарты 
деп есептемейді. Кейбір күн батареяларын жасайтын энергетикалық 
бірлестіктер келешектегі өзгерістерге дайындалу үшін кішігірім ком- 
паниялар сатып алуда. Қазіргі таңда көтеріңкі экологиялық талаптарға 
жауап беретін тиімділігі жоғары және төзімді гибридті күн батареяла- 
ры жасалынуда.
Күн батареяларын алу әдістерін зерттеу жұмыстары әсіресе, 
Еуропада қарқынды жүргізіліп отыр. Себебі Еуропа елдері балама 
энергия көздерін зерттеуге үлкен қаражат бөліп отырады. 2003 жылы 
Жапония үкіметі нанотехнология аумағындағы ғылыми-зерттеулер 
мен олардың энергетикада пайдалануын зерттеу бағдарламасына 50 
млн доллар қаржы бөлгендігі туралы хабарлады. АҚШ және басқа да 
көптеген елдердің, әсіресе, Азия елдері үкіметтері бұл бастаманы іліп 
әкетіп, келешек энергетикада көш басшы болуға тырысып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет