ІІІ бөлімге арналған тест сұрақтары
1. Биологиялық сенсорлар көмегімен нені анықтау мүмкіндік емес:
а) уландырғыш химикаттар;
ә) минералдар;
б) биологиялық объект;
в) қоршаған ортаның ластануы.
2. Кремнийлі табаншада жарықтың әсерінен қататын жарық
сезгіш қабат қалай аталады?
а) жабысқақ;
ә) балшық;
б) фоторезист;
в) фотодезист.
3. Егер де автомобильдерді композиттерден жасаса, онда олардың
массасы кеміп және де энергияны тұтынуы неше пайыз төмендейді?
а) 27%;
ә) 52%;
б) 69%;
в) 81%.
4. Күннің энергиясын өндіруде негізгі мәселе не болып табыла-
ды?
а) тәуліктің түнгі уақыты;
ә) тәуліктің күндізгі уақыты;
б) сенбі;
в) жексенбі.
5. Атмосфераға таралуының орнына көмірқышқыл газының же-
растында немесе мұхиттың түбінде сақталуы қалай аталады?
а) қағазды қайта өңдеу;
ә) көшірме;
б) қарайту;
в) секвестрация.
6
. Көміртекті нанотүтікше неден берігірек:
а) болаттан;
ә) мыстан;
б) кевлардан;
в) барлық жоғарыда аталып өткен материалдардан.
7. Теннистің доптарын наножамылғылармен қаптау:
а) секіруін жақсартады;
ә) соққыдан сақтандырады;
б) герметикалалығын жоғарылатады;
в) жоғалған жағдайда іздеуді оңайлатады.
8
. Экстремальды ультрафиолетті жарықтың толқын ұзындығы
қандай?
а) 1-5 нм;
ә) 10-15 нм;
б) 50-100 нм;
в) 193-248 нм.
9. Титан диоксиді негізіндегі нанотүтікшелердің массиві
судың ыдырауы кезінде күннің жарығы көмегімен нені өндіру үшін
қолданылады?
а) неонды;
ә) палладийді;
б) сутекті;
в) күкіртті.
10. Глюкозаның Күні бойғы деңгейін анықтау үшін қандай сен
сор қолданылады?
а) бензолдың;
ә) оксидаз глюкозаның энзимасының;
б) алюминийдің;
в) азот оксидінің.
11. Кванттық нүктелер электрондарды қай жерде шектейді?
а) суда;
ә) дөңгелек бүйректерде;
б) өткізгіштің немесе жартылай өткізгіштің наноаймағында;
в) нөл-кеңістікте.
12. ЭМҰО қысқартылған сөзі нені білдіреді?
а) жаңа орталықтандырылған электронды мониторингті;
ә) жаңа электрофизикалық әдісті;
б) электрлік қызмет көрсетудің Ұлттық орталығын;
в) электрондық микроскопияның Ұлттық орталығын.
13. Инфрақызыл дабылдардың күшейткіш-контейнері ретінде
қолданылатын наносақиналардың көмегімен нені бақылауға бола-
ды?
а) молекулаларды;
ә) плиталардың тектоникасын;
б) неке жүзіктерін;
в) гимнастикалық сақиналарды.
14. Бүкіл әлемдік энергетика желісі дәстүрлі отындарды (көмір,
мұнай, газ және т.б.) тасымалдаудан неге өту керек?
а) криогенді тасымалдаушыға;
ә) желге;
б) қол еңбегіне;
в) энергияға.
15. п- типті каналдың соңы қалай деп аталады?
а) көзі және тасымалдаушысы;
ә) маска көзі;
б) фоторезист көзі;
в) ағын көзі.
16. Төменде аталып өткендердің ішінде адам баласының ең
маңызды мәселелеріне кірмейтіні:
а) халық санының артуы;
ә) энергияның жеткіліксіздігі;
б) тамақтың жеткіліксіздігі;
в) сәннің соңғы бағытын бақылау.
17. Уильям Шекспир әрбір дем алғанда жұтатын миллион
молекуланың ішінде 280 молекула көмірқышқыл газын жұтқан, ал біз
шамамен қанша молекула жұтамыз?
а)
2 2 0
;
ә) 310;
б) 380;
в) 460.
18. Де Бройль толқын ұзындығы дегеніміз - ненің өлшемі?
а) құйылған толқын ұзындығы;
ә) бөлшектің толқындық және корпускулалық қасиеттерінің
сандық қатынасы;
б) жаңа сәнді шаш қою;
в) футбол алаңының ұзындығы.
19. Тераватт - бұл:
а)
1 0 6
ватт;
ә)
1 0 9
ватт;
б)
1 0 1 0
ватт;
в)
1 0 1 2
ватт.
20. Көміртек секвестрациясы - дегеніміз:
а) алмазды бедерлеу;
ә) жерасты мен мұхит астында көмірқышқыл газын сақтау;
б) қысқа арналған көмірді сақтау;
в) көміртекті атмосфераға шығару.
21. Жеке жасуша мен молекулада өтетін жасушалық үдерістерді
талдауға мүмкіндік беретін наноқұралдардың зерттеулері қалай ата-
лады?
а) фантастика;
ә) литография;
б) жасушалық инженерия;
в) кванттық оптика.
22. Энергожүйелердің «қараңғылануы» немесе авариясы ненің
нәтижесі?
а) студенттердің алаңғасар кешінің;
ә) электр энергиясына деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-
теңдігінің жоқтығынан;
б) қосылған күйде қалған электратехниканың;
в) лампалардың сапсының нашар болуы.
23. Силикатты саз балшықты пластмасса немесе керамикаға
енгізу негізінде қандай материалдар жасалады?
а) нанопленкалар;
ә) наносақиналар;
б) нанотүтікшелер;
в) нанокомпозиттер.
24. Микроскопиялық транзисторлардың үлкен саны нені түзеді?
а) микрочип;
ә) ағын;
б) аналық плата;
в) дерек.
25. 2006 жылы АҚШ-та шамамен қанша энергия қолданылды?
а) 400 киловатт;
ә) 850 киловатт;
б) 3 тераватт;
в)
1 0
тераватт.
26. Ринодағы (АҚШ) Невада штатының университетінен бір топ
зерттеушілері титан диоксиді негізінде нанотүтікшелердің массивін
не үшін қолданады?
а) күннің сәулесінің көмегімен судың ыдырауы негізінде сутекті
өндіру үшін;
ә) мәңгілік жас косметиканы шығару үшін;
б) өндірістік ұсақтағыштарға;
в) берік доңғалақтарға.
27. Нанотехнологиялар күннің фотоэлементтерінің тиімділігін
20- 30%-дан қаншаға дейін көтере алады?
а) 40%;
ә) 55%;
б) 65%;
в) 70%.
28. Қай қаланың жерасты коммуникациясы мыс өткізгіштерімен
толтырылғаны соншалық, оны қалжыңдап дүниежүзіндегі ең үлкен
мыс кеніші деп те атайды:
а) Атлантаның;
ә) Хьюстонның;
б) Нью-Йорктың;
в) Сан-Францисконың.
29. Оптикалық жүйе мен табанша жүктелген барлық операциялар
сұйықтықтарда орындалатын литография нұсқасын қалай атайды?
а) биомиметика;
ә) кванттық механика;
б) нанобақылау;
в) иммерсионды литография.
30. Алтынның қызыл коллоидты ерітінділері металл электрон-
дары мен жарықтың әрекеттесуінен туындайтын жоғары оптикалық
абсорбцияға ие, және ол қайда қолданылады?
а) қызанақтарды бояу үшін;
ә) шамдарда;
б) жүктілікті анықтау тестілерінде;
в) кілемдерді бояу үшін.
31. Шампэйн-Урбанда (АҚШ) Иллинойс штаты университетінің
ғалымдарымен жасалған 600 ГГц жиілікте жұмыс атқара алатын
жабдық қалай аталады?
а) атқыш;
ә) биполярлы транзистор;
б) ноутбук;
в) тау-таста жүретін мотоцикл.
32. 2050 жылға қарай Жердегі халық саны қаншаға жетуі
мүмкін?
а) қазіргідей;
ә) 6-7 млрд адам;
б)
8 - 1 0
млрд адам;
в)
1 1 - 1 2
млрд адам.
33. Қазіргі заманғы күн фотоэлементтерінің бір фотоны тек қана
бір электронды өндіре алады, ал қалған энергия қандай түрде шашы-
райды?
а) түс;
ә) көпіршік;
б) тұз;
в) жылу.
34. Егер автомобильдерді композиттерден жасаса, онда олардың
массасы төмендейді сонда энергияны қолдануы қаншалықты азаюы
мүмкін?
а)
2
0
%;
ә) 40%;
б) 50%;
в) 70%.
35. Американдықтар дүниежүзі халқының 5%-ын құрайды, осы
тұрғыда адам баласы жұмсайтын барлық энергияның қанша пайызын
қолданады?
а) 5%;
ә) 15%;
б) 25%;
в) 40%.
36. Наноматериалды жасау үшін барлық төменде аталып
өткен қарапайым тәсілдердің барлығы қолданылады, қайсысын
қоспағанда:
(а) инертті газ атмосферасындағы конденсацияны;
(б) электролиттік тұндыруды;
(в) литификацияны (қатуды);
(г) золь-гель ауысу негізіндегі синтезді.
37. Жарықтың әсерінен қататын кремний табаншасындағы
жарыққасезімтал қабат қалай аталады?
а) фоторезист;
ә) алдау;
б) еріткіш;
в) жоғары өнімді элемент.
38. Алтын наноқабықшалардың оптикалық қасиеттерін ненің
көмегімен өзгертуге болады?
а) кіп-кішкентай айырып-қосқыш;
ә) ядроның өлшемі мен оның алтындалған жабынының
қалыңдығы;
б) кішкентай техниктер;
в) алтынды пенопластпен алмастыру.
39. Күн сайын Жер бетіне Күннен шамамен қаншалықты энер-
гиясы түседі?
а)
1 0
мың тераватт;
ә) 50 мың тераватт;
б) 138 мың тераватт;
в) 165 мың тераватт.
40. Бөлме температурасында судағы полимерлердің және
тұздардың ерітінділерінде кварц нанобөлшектерінің бір-бірімен
әрекеттесуі нәтижесінде не түзілуі мүмкін?
а) өздігінен жинақталу көмегімен микрокапсулалар;
ә) мұз бөлшектері;
б) теңіз жұлдыздары;
в) желатин секілді сылағыш.
|