наномасштабты деңгейде молекулярлық химия және физикалық реак-
цияларды басқарып үйренсе, биология және медицинаның дамуында
үлкен серпіліс болады. Осылайша, арнайы полимерлер, адсорбенттер
және катализаторлар (мысалы, ақуыздар мен энзимдер) жасауға және
оны жеке емделушілердің сұраныстарына бағыттауға болады.
Бұрында ғалымдардың жеке молекулалардың қасиеттерін
зерттеуге мүмкіндігі болмағандықтан, молекулярлық қасиеттерін
өлшеу тәсілі жуықталған орташа шама болған. Орташа жуықталған
сипаттамалардың мағынасы жойылмағанмен, бұл шамалар жеке
молекулалардың қасиеттерінің өте сезімтал бөліктерін түсіндіруге
жеткіліксіз.
Төменде аталып кеткен аспаптар және зерттеу әдістері бүгінде
жеке молекулалардың тәртібі туралы жаңа мәліметтерді алуға
мүмкіндік береді:
•
жеке
нанотүтікшелерді
өлшеу
арқылы
көміртекті
нанотүтікшелердің бірегей электрлік және механикалық қасиеттері
анықталды;
• молекулалардың орын ауыстыруларын дәл өлшеу мүмкін бол-
ды (мысалы, антидене мен антигендерді, сонымен бірге ДНҚ компле-
ментарлы талшықтарын айқындауға болады).
• ДНҚ транскрипциясы, жасушалық транспорт пен бұлшық
еттердің сығылуына жауап беретін табиғи молекулярлық тетіктер -
моторларды анықтау мүмкіндігі пайда болды.
• оптикалық іскектер молекулалардың қасиеттерін тікелей
өлшеуге және ақуыз орамының динамикасы мен конфигурациясын
басқаруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: