Нанотехнологиялар


Жаңа және жақсартылған аспаптар



Pdf көрінісі
бет134/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Жаңа және жақсартылған аспаптар
Университеттердің және ғылыми-зерттеу зертханаларының 
ғалымдары мен инженерлері өлшеуіш аспаптар мен манипулятор- 
ларды ойлап шығарып жатыр, ал өнеркәсіптік кәсіпорындардың 
жетекшілері осы саладағы өрлеулерді ықыласпен бақылайды және 
аса келешекті аспаптарды қаржыландыруға өте көп ақша салуға 
ұмтылады.
Мысалы, Сент-Луистегі Вашингтон Университеті мен 2ууех 
Согрогаііоп компаниясының өзара тиімді әрекеттестігінің нәтижесінде 
наномасштабты нысандарды басқаруға және сол уақытта олардың


көруге арналған аспаптарды жасауының сәті түсті. Бұл аспап 
көміртекті нанотүтікшелерді үшөлшемді конфигурацияларға созуға, 
майыстыруға, орауға және бұруға мүмкіндік береді. Арзан басқарушы 
нанокомпоненттердің орын ауыстыруы және жинақталуына байланы- 
сты жұмыстарды жоғарғы дәлдікпен орындауға мүмкіндік береді.
Сан-Хоседегі ЕпуігоЗузІетз компаниясы жетілдірілген сипатта- 
малары бар наноөлшемді залалсыздандырушы зат жасап шығарған. 
Дәстүрлі ағартушы залалсыздандыратын заттармен салыстырғанда, 
компанияда жасалынған ЕсоТги® өнімінің тітіркендіргіш және 
коррозиялық әсері болмайды.
ЕсоТги® 
өнімдерінде 
пайдаланылатын 
нанобөлшектердің 
өлшемдерінің кішілігі сонша, олар бактериялардың ішіне еніп, олар- 
ды іштен талқандай алады. Бұл бөлшектер адам мен жануарлардың 
жасушаларына әсер етпейтін, тек қана бактериялар мен микробтар- 
ды жоятын өте дәл "ақылды" қару тәрізді жұмыс істейді. Сонымен 
бірге, олар уытты емес. Шындығында, ЕсоТги® ауруханалар, емхана- 
лар, зертханаларда пайдалануға кең жарнамаланады, себебі төменде 
аталған сипаттамаларға ие:
• стафилококка, иммун дефицитінің, ішек таяқшасы және басқада 
көп вирустарға және бактерияларға қарсы 
1 0 0
% тиімділік;
• 5 минутта туберкулез бацилласын жояды;
• оларды пайдалану қорғаныш жабдықтарын қажет етпейді;
• уыттылығы жоқ;
• тұтанбайды;
• залалсыздандыру мен тазартуды бір мезетте орындайды.
ЕсоТги® өнімі металдар, пластиктер, резеңке, синтетикалық зат-
тар, әйнек және боялған беттерді тамаша тазартып, залалсызданды- 
рады. Бұл өнімнің коррозиялық әсері жоқ, ол таңдаулы жабдықтарды 
тазарту үшін қолданыла алады. ЕсоТги® өнімін ота жасаудағы анти­
септика ретінде пайдалану кезінде Африкада 500 емделушілердің 
1 0 0
% -ында отадан кейінгі инфекция мен асқынулар болмағандығы 
анықталған. Жаппай қолдануға дейін ол мұқият тексерілуі керек бол- 
са да, алынған нәтижелер дәрігерлердің қызығушылығын тудырып 
отыр.
ЕпуігоЗузІетз 
компаниясының 
мамандары 
стандартты 
өнеркәсіптік залалсыздандырғыштың құрамындағы бірнеше молеку­
лаларды өзгерту арқылы мүлдем жаңа антибактериялық құрал жасаған. 
Дәстүрлі өнімдерді наномасштабты деңгейде түрлендіру мүлдем жаңа 
қасиеттері бар, ерекше пайдалы өнімдер жасауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет