Нанотехнологиялар


§ип Місгозузіетз (компаниясының мамандарының бірі және



Pdf көрінісі
бет139/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР


§ип Місгозузіетз (компаниясының мамандарының бірі және 
оның негізін қалаушылардың бірі Билл Джойдың (Вііі ^оу) 2006 
жылдың сәуірінде Щгегі журналында жарияланған « ^ һ у !һе &
1
иге 
гіоезпЧ пеегі из тоігегі?» ("Болашақ бізді неге қажет етпейді?") деп 
аталатын мақаласында бүгінгі технологиялық өрлеудің ағыны адам- 
зат баласының болашағы үшін қауіп тудырып тұр деп айтып кеткен. 
Негізгі қауіп-қатер ішінде ол гендік инженерия, нанотехнология мен 
робототехниканы атап өткен.
Қарапайым адамдардың ешқайсысында көріпкелдік қабілет жоқ, 
алайда әлемнің күйреу сценарийі шынымен-ақ әсіреленген түрде 
көрсетіледі. Әрине, кез-келген ғылыми ашылу залалды мақсатта пай- 
даланылуы мүмкін, алайда ол үшін тиімді жаңалықтардан бас тартуға 
болмайды. Адамзат оларды тығыз халықаралық қызметтестікте зерт- 
теуге, стандарттауға және бағалауға көп мән беру керек. 50 жыл бұрын 
ядролық соғыс нәтижесінде адамзаттың жойылуынан құтылу мүмкін 
емес сияқты болып көрінген, алайда тәуекел бұрынғыдай жоғары 
болса да, біз әлі өмір сүрудеміз.
Біздіңкез келгенжаңа технологияның барлық әлеуеттімәселелерін 
толық зерттеуіміз қажет және алдыға өте сақтықпен қадам басуымыз 
керек. Бірмезетте өрлеуге әдеттегі шеңберден шығудың есебінен ғана 
қол жеткізуге болатынын түсінуіміз керек.
Нанотехнологиялар және қоғам
Индустриялды ғасыр адамзатқа көптеген жаңа ашылулар, ма- 
териалдар және өнімдер алып келді. Ағаш пен қағаз тауарлар орны- 
на көмірсутектер негізіндегі пластик өнімдер келді. Бұрынғы қағаз 
өнімдері контейнерлері біртіндеп қолдануға ыңғайлы суланбайтын 
және пішінін сақтайтын пластик өнімдермен алмасты.
ХХІ ғасыр ғылыммен техника дамуының керемет қарқынын 
көрсетеді. Алайда, даму қарқынының оның қоғамға әсерін ұғынудан 
алда жүретіні үнемі ескерілмей қалады. Жаңа заттар аса тартымды 
және бәрінің де ғылыми техникалық өрлеудің алдыңғы қатарында 
жүргісі келеді. Кез келген “керемет” жаңалықтың әлеуеттік зиянды 
әсері туралы аздаған адамдар ғана ойлайды. Кейде барлық “жаңа және 
жетілдірілгендер” “ең жақсы” нәрсе ретінде қабылданады.
Нәтижесінде, мұндай қамсыздықтың азабын тартуға тура келеді.


Мысалы, ауа, су және топырақ улы заттар қоспасымен ластана- 
ды. Әлемнің көптеген елдері қоршаған ортаны ластанудан қорғау, 
өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын бақылау және халық ара- 
сында жаңа қауіптер туралы мәліметті таратуға көптеген ақша жұмсап 
отыр. Мұның бәріне уақыт керек. Баяу, әрі шарасыз жердің тағдырына 
алаңдамайтын және болашағын болжай алмайтын жетекшілерге көз 
жұмып өтуге болмайтынын түсінетін сана қалыптасып келеді.
Нанотехнологияның пайда болуымен біргежаңа технологияның 
қоғамға зиянды әсерін болжауға тырысатын ғалымдар, саясаткер- 
лер мен қоғам қайраткерлер саны артып келеді. Нанотехнология 
аймағындағы барлық ашылулар керемет және болашағы зор, алайда 
өткендердің тәжірибесін ескеріп, кейбір қауіптерді ең бастапқы саты- 
да анықтау керек және ол қолымыздан келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет