мен құрастыруға қызығушылық танытқан. Гук шын мәнінде, оқуды
Оксфорд колледжінде бастаған. Ол биология мен математиканы зерт-
теуге көп уақыт бөліп, көптеген заттардың қалай жұмыс істейтінін
түсінуге тырысқан. Одан әрі тереңірек зерттеулер үшін Гукке ең
ұсақ бөлшектерді мұқият зерттеу қажет болды. Сондықтан, оның
әрдайым ұлғайтқыш әйнекті пайдаланып жүріп, ал аздаған уақыт
өткеннен кейін микроскопты ойлап табуы таңғаларлық емес еді. Гук
микроскоптың көмегімен тұңғыш рет монастырьдегі монахтардың
кішкентай бөлмелеріне сәйкестендіріп, өзі жасушалар деп атау бер
ген, тығынның ішіндегі өте ұсақ бостықтарды көре алды.
Місгодгарһіа кітабының ОЬзегуаІіоп XVIII тарауында Гук: «Мен
тығын толығымен ара ұясы сияқты кеуектерден тұратынын көрдім,
бірақ ол кеуектер ара ұясы сияқты ретті емес... бұл кеуектер немесе,
жасушалар... шынында да маған бақылауға мүмкін болған алғашқы
микроскопиялық кеуектер» деп жазған. Гук алғаш рет шіркейлердің,
теңіз губкасының және жансыз заттардың ең ұсақ бөлшектерін
бейнеледі.
Ғалым бірнеше мүлдем жаңа ғылыми құрал - саймандарды ойлап
тапты, олар: барометр, қол сағаттарына арналған серіппелі балансир,
әмбебап шарнир, телескоп - рефлектор.
Достарыңызбен бөлісу: