Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет23/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Наноөзектер
Наноөзектер кремнийден, металдардан (мысалы, титан, цинк, 
қалайы), сонымен қатар, басқа жартылай өткізгіш және оқшаулағыш 
материалдардан жасалады. Материалдарына байланысты наноөзектер 
әртүрлі оптикалық, электрондық, механикалық қасиеттерге ие 
бола алады. Олар электрондық және оптикалық компоненттерді, 
дисплейлерді, полимерлі композиттерді, сенсорларды және актуатор- 
ларды жасау үшін өндірістің әртүрлі салаларында қолданылады.
Әдетте, наноөзектерді булану мен конденсация немесе сұйық 
химия әдісі арқылы жасайды. Оларды электрофоретикалық отырғызу 
(гель арқылы электр тоғын өткізу) немесе жоғары температуралы 
кристалдану көмегімен гель бар табақша бетінде өсіруге болады.
Наноөзектерді жасау үдерісінде үлкен химиялық белсенді аудан- 
мен оларды аса ірі құрылымдарға реттеп орналастыруға болады.
Түс
Көміртегі қалайша көміртегі болмайды? Немесе алтын қалайша 
алтын болмайды? Қалайша, бір ғана көміртегі элементі осыншама 
әртүрлі қасиет көрсете алады?
Барлық мәселе өлшемде. Мысалы, алтыннан жасалған қарапайым 
неке жүзігі сары түсті болып келеді, бірақ, егер оның өлшемін 
нанодеңгейге дейін кішірейтсек 
(10
нм-ден 
100
нм-ге дейін), ол


қызыл түске айналады. Сақиналардың әртүрлі оптикалық қасиеттері 
әртүрлі өлшемдерімен түсіндіріледі. Әрине, макроскопиялық әлемде 
бұл айла жүзеге аспайды, себебі түстер арасындағы айырмашылық 
тек наномасштабта ғана байқалады.
Нанобөлшектер үшін түс физикалық сипаттама болып табылады 
және мұндай нанобөлшектері бар материалдар әртүрлі түрде болуы 
мүмкін.
Орта ғасырдағы әйнекшілер әйнектерді бояудың жаңа тәсілдерін 
табуға тырысты. Олар шаршамай алтынмен көптеген эксперименттер 
жасай отырып, өлшемдеріне байланысты өз түстерін өзгертіп отыра- 
тын, кішкентай бөлшектерді алды: жасыл, сарғылт, қызыл және ашық 
қызыл түстер. Сол уақыттың көптеген шіркеулерінің терезелері осын- 
дай бөлшектерді әйнекке араластыру нәтижесінде алынған болатын. 
Тіпті кейбір байырғы қыштан жасалған бұйымдардағы әшекейлердің 
үлгілері 
түстері 
өлшемдерінен 
тәуелді 
болатын 
кішкентай 
бөлшектерден тұрады. Байырғы шеберлер керемет алуан түсті туын- 
дылар жасаған, бірақ олар түстің өзгеру механизмін түсінбеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет