әсер етер еді? Ал егер аяғынызбен тарсылдата бастасаңыз, сізді ең
жоғарғы қатардағы көрермендер естір ме еді? Әрине, жоқ. Мұндай
өте үлкен аудиторияда жалғыз
адамның айқайы, температурасы, аяқ
тарсылдары назар аударарлықтай әсер етпейді.
Ал, енді алаңның ортасында ерлікпен айқайлап және өз команда-
сын қолдап тұрған бірнеше мың сіздің жақтастарыңызды елестетіңіз.
Олар қалған көрермендерге әсер ете ме? Әрине! Бағытталған айқайлар,
алақан шапалақтары мен аяқтар тарсылын барлығы естиді. Сонымен
қатар, көрермендердің мұндай көп саны үшін ауаны кондиционирлеу
жүйесін қосу, көптеген тағамдар бар лотоктарды орнату және көптеп
әжетхана ашу талап етіледі. Жалғыз
адамға қарағанда мыңдаған
көрермендердің қоршаған ортаға әсері назар аударарлықтай көп.
Наноәлемде бөлшектер бір-біріне жақын немесе алыс орналасуы
мүмкін, бірақ олардың ерекше қасиеттерін олардың өлшемдерінен
тәуелді болатындықтарының арқасында тіркеуге болады.
2
-тарауда
айтылып
кеткендей,
мөлшер
наноматериалдардың
әртүрлі
қасиеттеріне: түсіне, бет ауданына, өткізгіштігі мен беріктігіне әсер
етеді. Нанобөлшектердің массалары елеместей аз болғандықтан,
олардың орналасуына гравитация мен Ньютон заңдары
айтарлықтай
әсер етпейді.
Фейнман «төменде өте көп орын бар» дегенде, ол наноәлем жаңа
ашылулар үшін зерттеушілерге үлкен мүмкіндіктер ұсынатындығын
айтқысы келген болатын. Наноәлем үлкен кеңістіктермен бөлінген,
көптеген кішкентай атомдар мен молекулалардан тұрады. Алайда,
оқшауланған атомдар немесе олардың компоненттері - субатомдық
бөлшектерді табу жер бетіндегі жағдайларда өте қиын. Химиялық
элементтердің көптеген атомдары
(инертті газдан басқасы)
байланысқан күйде болады: не молекулаларда, не
болмаса, өзіне
ұқсас атомдармен немесе басқа элементтердің атомдарымен
қосылыстарында болады.
Атомдар барлық жерде болады және барлық қоршаған
обьектілермен әрекеттеседі. Біз оларды жеп,
олармен тыныс алып
және оларды киіп жүрміз. Барлығы, яғни, бізді қоршап тұрғанның
абсолютті түрде бәрі атомдардан немесе субатомдық бөлшектерден
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: