Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет22/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Бірқабатты көміртекті
нанотүтікшелер
Галилейдің уақытынан бері қабілетті ғалымдардың қолдарындағы 
дәл, тура өлшейтін аспаптар мен құрал-жабдықтар көптеген жаңа 
ашылулардың көзіне айналған. Нанотехнологиялар мықтырақ және 
тура, дәл өлшейтін аспаптардың да ашылуына септігін тигізді.
Ричард Смолли фуллерендерді ашқан және өзінің алдыңғы 
көзқарастарын теріске шығаратын аспаты ойлап тапты. Содан 
бері ғалымдар фуллерендерді зерттеуде айтарлықтай жетістіктерге 
жетті, бірақ бірқабатты көміртекті нанотүтікшелерді зерттеу 
(БҚНТ) қазіргі ғылымның болашағы зор саласы болып есептелінеді. 
Көптеген ғалымдар көміртекті нанотүтікшелердің мүмкіншіліктері 
фуллерендердің әлеуетінен асып түседі деп санайды. Ғалымдар 
олардың химиялық қасиеттерін түсінуге және болжауға мүмкіндік 
бертін, БҚНТ-гі көміртегі атомдарының арасындағы байланыстардың 
сипаттамаларын зерттейді.
Смолли тобы ерекше ұзын және симметриялық БҚНТ-ді синтездеу- 
ге қол жеткізді. Смолли энергия таратудың қазіргі тәсілдерін жетілдіру 
үшін БҚНТ-дің шексіз әлеуетке ие екендігіне сенді. Ол нанотүтікшелердің 
металды сымға қарағанда, әлдеқайда аз массасы бола тұрып мықты, 
үзілмейтініне және электр тоғын өте жақсы өткізетініне көз жеткізді. 
Өлшемдерін дәл жуықтау арқылы «түтікшенің ішіндегі түтікше» конфигу- 
рациясын жасауға, яғни өткізгіш түтікшені оқшаулаушы нанотүтікшенің 
ішіне орналастыруға болады. Борпылдақ материалдарға қарағанда, 
қасиеттері химиялық байланыспаған, бірақ физикалық геометриясымен 
байланысқан. 3.1-суретте БҚНТ және мысты сымның негізінде осындай 
конфигурацияның мысалдары көрсетілген.


Мыс ты
3.1 - сурет. Оқшауланған мысты сымдар (сол жағында) негізіндегі 
қарапайым технологиямен салыстырғанда электр тоғын аса тиімді тарату 
үшін концентрлі нанотүтікшелер (оң жағында) негіз бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет