Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет157/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

АВТОМОБИЛЬДЕР
Заманауи автомобильдердің қозғалтқыштары жанармайлардың 
көп мөлшерін жағады және қалдық газдардың шығуы қоршаған орта- 
ны ластаушы көздердің бірі болып табылады. Нанотехнологиялар бұл


қиындықтарды автомобильдердің даму қарқынына нұсқан келтірмей 
шеше алады. Болжамдар бойынша нанотехнология менен наномате- 
риалдарды автомобиль жасауда пайдалану үлесі 60%-ға жетеді деп 
есептелініп отыр.
Атомдар мен молекулаларды басқару мүмкіндігі автомобиль жа- 
сауда орасан зор болашақ ашып отыр. Мысалы, наноэлектродтары 
бар нанокристалды тұтандыру шырағдандары қарапайым тұтандыру 
шырағдандарымен салыстырғанда, үлкен тиімділігімен (жанармай 
тиімдірек жанады), беріктігімен, төзімділігімен жэне мэңгіліктігімен 
ерекшеленеді. Заманауи жетірілдірілген қарапайым материалдар 
негізіндегі тұтану шырағдандарының коррозиялық тұрақтылығы 
төмен болғанмен, өте күшті ұшқын туындатып,жанармайлардың 
толық жануын жүзеге асыра алады. Наноматериалдар негізіндегі 
тұтану шырағдандарының бірталай ұзақ жұмыс істей алатындығы 
анықталған.
Сонымен 
қатар, 
ғалымдар 
мен 
инженерлер 
дизельді 
қозғалтқыштары бар автомобильдер жанармайларды тиімді жан- 
дыруы үшін нанокристалды керамика негізіндегі цилиндрлер 
жамылғыларын қолдануға тырысып жатыр. Нанотүтікше негізіндегі 
композитті материалдар тежеу жүйесінің тиімділігін арттырып, 
салмағын төмендетуге мүмкіндік береді. Көміртекті нанотүтікшелер 
негізінде жасалған эйнектер мен қанаттардың беріктілігін салмағын 
ауырлатпай-ақ арттыруға болады.
Жалпы 
автомобиль 
жасауға 
нанотехнологияны 
енгізу 
артықшылқтары айқынырақ көрінеді, себебі автомобильдің көптеген 
компоненттері жеңілірек, берік, мэңгілік жэне тиімдірек болады жэне 
оларды өндіруге жұмсалатын шығындар азаяды. Кейбір бағалаулар 
бойынша автомобиль өнеркэсібінің келесі онжылықтағы бэсекеге 
қабілеттілігі наноматериалдар мен нанотехнологияларды пайдалануға 
байланысты болады.
ҚАРУ-ЖАРАҚТАР
Заманауи оқ ату жэне ракеталы қару-жарақтарды пайдалануда 
химиялық заттарды жағудың химиялық энергиясы пайдаланылады. 
Осының арқасында оқ, снаряд жэне ракета жылдамдықтары шамамен 
2
км/сек жетеді.


Келешегі зор снарядтар электромагниттік өріс көмегімен үдей 
алатын электромагниттік жүйелер снарядтарды 
1 0
км/с жылдамдықпен 
лақтыра алады. Үлкен жылдамдықты снарядтардың кинетикалық 
энергиялары мен қиратушы қабілеттері болатыны түсінікті. Осы се- 
бептен қару-жарақ жасаушылар мұндай электромагнитті зеңбіректерге 
көп мән береді.
Электромагнитті 
зеңбіректердің 
беріктігі 
мен 
төзімділігі 
жеткілікті мөлшерде жақсы, ал снарядтарды үдетуге арналған рель- 
стер жақсы электр өткізгіш болғанмен, төзімділігі мен коррозияға 
тұрақтылығы өте әлсіз.
Бұл мәселені шешу үшін ғалымдар мен инженерлер жаңа на- 
номатериалдарды пайдалануға тырысуда. Бүгінгі таңда вольфрам, 
мыс және титан дибориді негізіндегі композитті наноматериалдарды 
зерттеу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.Мұндай ком- 
позиттер қажетті беріктік, қаттылық, электрөткізгіштік, төзімділік, 
коррозияға тұрақтылыққа ие. Болжам бойынша осындай композиттер 
атыстар қарқыны мен тиімділігін арттырады, сонымен қатар салық 
төлеушілердің ақшасын үнемдейді. Сонымен бірге электрөткізгіштігі 
мен төзімділігі жоғары болып келетін нанотүтікшелер негізіндегі на- 
номатериалдарды пайдалану мүмкіншілігі де зерттелуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет