Нанотехнологиялар


П ісіру - бұл ұнтақ тәрізді қатты материалдарды және



Pdf көрінісі
бет156/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

П ісіру - бұл ұнтақ тәрізді қатты материалдарды және
бұйымдарды немесе тозаң қоспаларды балқу температураларынан
төмен температураларда алу үдерісі.
Нанокристалды материалдарды әртүрлі формаларға біртұтас ана- 
логтарды сығу мен пісіруге қажет әдеттегі температурадан біршама 
төмен болады.
Бүгінгі таңда ғалымдар мен инженерлер олардың негізінде 
медициналық мақсаттағы көптеген бұйымдар жасап үйренді. Мы- 
салы, Жапонияда басқа материалдардан жасалғаннан жеңіл, жайлы 
және қолайлы тіс протездері дайындалып шығарылуда.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Жоғарыда аталған нанокристалл материалдардың беттік ауданда- 
ры өздерінің біртұтас аналогтарымен салыстырғанда әлдеқайда үлкен. 
Осының арқасында нанокристалдық материалдар жоғары химиялық 
және физикалық белсенділіктер көрсетеді. Наноматериалдардың бұл 
қасиеттерін автомобильдер мен жылу электростанцияларындағы азот


және көміртек оксиді сияқты улы газдармен әрекеттесе алатын тиімді 
катализатор жасауға қолдануға болады. Сонымен нанокристалды 
материалдар қоршаған ортаны қазба жанармайларды жандырудан 
бөлінетін ластанудан қорғауда елеулі көмек жасайды.
Сыйымдылығы жоғары батареялар
Біздің өмірімізде автомобильдер, компьютерлер, ұялы телефон- 
дар, сағаттар мен ойыншықтардағы қарапайым батареялар мен қайта 
зарядталатын аккумляторлар кеңінен қолданылады. Өкінішке орай, 
олардың сыйымдылығы (және төзімділігі) жеткілікті мөлшерде үлкен 
емес және оларды жиі зарядтау қажет.
Кеуекті нанокристалды материалдар электр энергиясын көбірек 
тығыздықпен сақтауға қабілетті, сондықтан болашақта олардың 
негізіндегі батареялар мен акумляторлар зарядтаусыз біршама ұзақ 
жұмыс істей алады.
Сенсорлар
Сенсорлардың электр кедергісі, химиялық белсенділік, магнитті 
өту қабілеті, жылу және басқа да физикалық және химиялық қасиеттері 
көбінесе материалдың микроскопиялық құрылымына тәуелді. Мы­
салы, көміртек оксиді сенсорында газды табу үшін цирконий оксиді 
қолданылады. Цирконий оксиді мен көміртек оксиді молекуласының 
әрекеттесу реакциясы өткізгіштік пен өзгеріп отырады.
Ғалымдар мен инженерлер сенсорлардың сезімталддығын арт- 
тыру үшін дәнек мөлшері кішкентай материалдар қолдануға тыры- 
сады. Нанокристалды сенсорлардың сезімталдығы жоғары және олар 
қазірдің өзінде түтін детекторларында, ұшақтың беткі қабатының 
мұздануы анықталатын датчиктерде және қозғалтқыштардың жұмыс 
істеуінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет