Кванттық қасиеттер
Қазіргі уақытта жартылай өткізгіш аспаптардың өлшемдері нано-
масштабты деңгейге жетті. Енді жоғары өндірістік процессорлардағы
транзисторлардың нанометрлік өлшемдері бар. Сондықтан, олардың
жұмысын бағалаған кезде соншалықты кіші нысандардың күрделі
кванттық қасиеттерін ескеру қажет болады. Мұндай наномасштабты
нысандарды жобалау және компьютерлік модельдеу үшін көптеген
аса күрделі тапсырмаларды шешу талап етіледі.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Қандай микроскопта лазерлік ультракүлгін сәулелену және
флуоросцентті үлгіні суретке түсіру үшін сканирлеуші айналар
қолданылады:
а) сканирлеуші конфокальді;
ә) атомды күштік;
б) оптикалық;
в) сканирлеуші электронды.
2. Өнім сапасынан басқа, наноматериалдарды өнеркәсіптік
өндіріс кезінде қандай негізгі факторларды ескеру керек:
а) материалдар құнын;
ә) өнімділігін;
б) инженерлер демалысының графигін;
в) салқындауын.
3.
Оптикалық
аспаптың
жақын
нысандар
арасындағы
арақашықтық немесе бұрышты өлшеу қабілеті деп нені айтамыз?
а) микроскопияны;
ә) бөлу қабілетін;
б) молекулярлы электрониканы;
в) фотосинтезді.
4.
Сканирлеуші
зонды
микроскоп
нені
зерттеу
үшін
қолданылады?
а) нысанның химиялық құрамын;
ә) адамзат шашының қалыңдығын;
б) атомдық және наномасштабты деңгейде материалдың беттік
қасиетін;
в) өз өсі төңірегінде Жердің айналуын.
5. ЖЭМ көмегімен көруге болатын көріністер 1000 есе кіші,
тіпті, көзбен көруге болатыннан әлдеқайда кіші:
а)
10
есе;
ә) 50 есе;
б) 50 000 есе;
в) 500 000 есе.
6
.
Нанотехнологияны зерттеу және жасау үшін нелер
қолданылады:
а) өлшеуіш құралдар;
ә) өндірістік құралдар;
б) модельдеу құралдары;
в) консерв пышағы.
7. С
60
фуллерендері және басқа күрделі молекулалық нысандар-
ды бақылау үшін ғалымдар нені қолданады?
а) ұлғайтқыш шыны;
ә) жарық қоңыздары;
б) жарық орнына электрондар;
в) бинокль.
8
. Граммофонды күйтабақ ойнатқышына қандай микроскоп
ұқсайды?
а) АТМ;
ә) АДД;
б) ЛСМ;
в) СЗМ.
9. Нанотехнология алтынның бетін химиялық байланыстыруға
мүмкіндік береді:
а) массалармен;
ә) алюминиймен;
б) көміртегі диоксидінің молекулаларымен;
в) биологиялық молекулалармен.
10.
Тосқауыл биіктігінен кіші, толық энергиямен потенциалдық
тосқауылды орағыта отырып, электрондар нені түзеді.
а) жыртқыш тоқты;
ә) туннельді тоқты;
б) магнетизмді;
в) төменде жатқан тоқты.
|