сапасының жоғары өндірісін қамтамасыз ету үшін бірнеше айныма-
лыларды қарастыру қажет. Көптеген үдерістерде (шарап жасау сала-
сынан микрочиптерге дейін), дағдарыстық болып табылатын фактор-
лар бар, олар: температура, қысым,
компоненттер концентрациясы,
өңдеу уақыты және т.б.
АҚШ ^ а ііо п а і Nапо1йсһпо1о§у Ішііаііуе - NN1) Ұлттық
нанотехнологиялық инициативасының аясында жүргізілген зерттеу-
лерде эксперимент, теория және компьютерлік
модельдеуге аса мән
беріледі (бұл инициатива жөнінде аса толығырақ осы кітаптың басқа
тарауларында айтылады). Шынында, эксперимент жүргізушілердің,
теоретиктердің және компьютерлік модельдеу мамандарының өзара
әсерлесулерінің арқасында көптеген маңызды нәтижелерді алуға
мүмкін болды.
Теория мен компьютерлік модельдеу арасындағы байланы-
сты нығайту тапсырмасынан тұратын
Оук-Ридж Ұлттық зерт-
ханасында жақында наноматериалдар теориясының Институты
қаланды (Капотаіегіаіз Тһеогу ІпзШиІе). Бұл институттың зерттеу
нысаны бейорганикалық
наноматериалдар,
өздігінен жиналатын
наноқұрылымдар, нанокатализаторлар және т.б. болып табылады.
Наноматериалдарды модельдеу электрондардың, спиндердің
қозғалысы мен өзара әсерлесуінің кванттық заңдарына негізделген.
Олардың көмегімен
теоретиктер,
атомдар мен молекулалардың
тәртібін модельдейді, сонымен қатар, олардың өзара әсерлесуін
зерттейді және жорамалдайды. Компьютерлік модельдеу эксперимент
нәтижелерін түсіндіру үшін де, мысалы,
нейтрондардың шашырауы
үшін қолданылады.
Үйлесімділік
Наноғылым және нанотехнология алғаш сәйкес келмейтін деп
есептеліп келген күрделі нанобөлшектер мен наноматериалдарды
бірге қолдану мүмкіндігін көрсетеді. Бұндай комбинациялар осы
кітаптың II бөлімінде сипатталады. Мысалы, кейбір бейорганикалық
материалдардың
беткі
қабаты
биологиялық
молекулалармен
химиялық байланысады.
Осылайша, алынған іші қуыс сфераларды
дәрі-дәрмектерді арнайы жеткізу үшін қолдануға болады.
Неліктен бұл мүмкін? Барлық мәселе өлшемде! Қарастырып
отырған
бақылаулар,
ірі
масштабты
нысандармен
емес,
нанобөлшектермен басқара отырып,
жаңа материалдарды жасауға
болатындығын дәлелдейді. Биологияда, химияда және физикада
бұндай мүмкіндіктердің саны атомдық және молекулалық деңгейде
көп. Наномасштабты деңгейде ғалымдар мен инженерлер күрделі
аспаптардың аса кең түрлерін қолдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: