химиялық
құрамын
және
олардың
электромагниттік
және
термодинамикалық қасиеттерін анықтауға қажеттілік болып табыла-
ды.
Сонымен, біз наноәлемді зерттеуге арналған бірнеше аспаптар-
мен таныстық. Олардың қайсысы пайдалырақ, қайсысы жоғары бөлу
қабілетіне ие және бағалы мәліметтер бере алады? Жауап зерттелетін
нысан табиғатына және зерттеу мақсатына тәуелді. Мысалы, ақуыздың
құрылысы керамика құрылысынан
ерекше болып келеді, сондықтан
оларды зерттеу үшін мүлде басқа бақылау әдістерін қолдану талап
етіледі.
Электронды микроскоптарды ұзақ уақыт бойы ғалымдар суб-
микронды масштабтағы нысандарды зерттеуде сәтті қолданып
келеді.
Кейбір типтердегі электронды микроскоптар арқылы
нанобөлшектердегі жеке атомдарды және субнанометрлі масштабтағы
материалдарды қарауға болады. Ғалымдар
электрондардың энергия
шығыны мен атомдық деңгейдегі рентгендік сәулеленуді талдай оты
рып, нысанның химиялық құрамы туралы ақпаратты алуды үйренді.
Жаңа әдістер магнитті наноқұрылымдардың табиғаты туралы түсінікті
қалыптастыруда тамаша жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді.
СТМ және АКМ-ның дамуы ғалымдар мен инженерлерді жаңа
СЗМ микроскоптарын жасауға итермеледі. Жоғарыда айтылып кет-
кендей, СЗМ нанонысандардың жергілікті қасиеттерін және пішінін
аса кіші және аса жұқа зондтың көмегімен өлшей алады. Материал
беті мен ұштары арасындағы арақашықтық дәстүрлі аналитикалық
әдістерді қолдану мүмкін емес шарттарда
СТМ-ге жұмыс істеуге
мүмкіндік береді.
Жаңа сканирлеуші зондтар бет топографиясын анықтауға
ғана қабілетті емес, сонымен қатар, төменде қысқаша келтірілген,
зерттелінетін нысанның өзге де қасиеттері туралы ақпаратты көрсетуге
қабілетті:
• төменгі температураларда электронды құрылымды, мәселен,
сканирлеуші электронды спектроскопия көмегімен зерттеуге болады;
• оптикалық қасиеттерін 50-100
нм масштабтардағы толқынның
жеке фрагменттерін талдауға қабілетті болып келетін, жақын өрістік
сканирлеуші оптикалық спектроскопия көмегімен анықтайды;
• температураны электронды және оптикалық наноаспаптар-
да температура өрістерінің картасын жасау және нанобөлшектердің
термальді қасиеттерін өлшеу үшін термосезгіш зонд қолданылатын
сканирлеуші термальді спектроскопия көмегімен өлшейді.
• диэлектрлік тұрақтыларды сканирлеуші
микроскоп көмегімен
жартылай өткізгіш наноаспаптардың қасиетін зерттеу үшін зарядты
сақтай отырып, сканирлеуші микроскопия көмегімен өлшейді;
•
биологиялық
молекулалардың
құрылымы
жеке
ішкі
молекулалық үдерістердің күрделі наномеханикасын анықтау үшін
зерттелінеді (алғашқыда бұндай биологиялық жүйелердің әрекетін
биологиялық молекулалардың көптеген мөлшерлерінің тәртібін орта-
шалау негізінде зерттеуге болатын еді);
• химиялық қасиеті наномасштабты деңгейде физикалық,
химиялық және биологиялық үдерістердің ерекшеліктері туралы
ақпаратты береді.
Достарыңызбен бөлісу: