Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады


Материалдық емес активтерді бағалау, түгендеу және жетілдіру жолдары



бет8/10
Дата30.11.2022
өлшемі85,53 Kb.
#160646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жаконай курстық жұмыс

3.3. Материалдық емес активтерді бағалау, түгендеу және жетілдіру жолдары

Материалды емес активтер есепке алуда бастапқы және қалдық құны бойынша есептеледі, материалды емес активтерді пайдалану жеке есептеледі.


Бастапқы құн дегеніміз материалды емес активтерді сатып алудағы шығындар немесе материалды емес активтерді жасау және оларды пайдалануға жарамды жағдайға келтіру кезіндегі шығындар.
Материалды емес активтерді сатып алу шығындарына нысанды сатушыға, ақпараттық және кеңес беру қызметі үшін делдалдарға берген сома, тіркеу жиындары және баж салықтары, кедендік және нысанды сатып алуға кеткен басқа да шығындар.
Материалды емес активтерді жасауға кеткен шығындарға қызметкерлерге есептелген еңбек ақысын төлеу, әлеуметтік қажеттіліктерге есептеулер, материалдық шығындар мен жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар кіреді.
Бастапқы құн нысанды жұмысқа енгізу сәтінде анықталады және материалды активтердің өнеркәсіпте болған барлық уақыты бойында өзгеріссіз қалады.
Бастапқы құн келесі нысандар үшін белгіленеді:

  • келісілген құн бойынша жарғылық капитал шотына салынған салымдар;

  • басқа ұйымдар мен тұлғалардан ақшаға алынғандар – нысанды сатып алу мен оны пайдалануға жарамды жағдайға жеткізу үшін нақты жұмсалған шығындар бойынша;

  • басқа ұйымдар мен тұлғалардан ақысыз алынғандар – сараптау жолымен.

Материалды емес активтерді бухгалтерлік есепке алудағы басты мәселелер:

  • Сатып алу сәтінен бастап есептен шығаруға дейін олардың бар болуы мен сақталуын қадағалау;

  • Тозуды дұрыс әрі дер кезінде есептеу;

  • Бюджетке жіберілетін салықты дұрыс есептеу үшін мәліметтер алу;

  • Материалды емес активтердің бар екендігі және қозғалысы туралы есеп беру үшін мәліметтер алу.

Кейбір қазақстандық нормативті құжаттарда материалды емес активтерге анықтама беріледі, олардың түрлері қарастырылады. Бұл құжаттардағы материалдарды жалпылай келе материалды емес активтерге мынандай активтер жататынын көрсетуге болады:

  • материалды-заттық формасы жоқ, не шаруашылық қызметте қолдануға материалды-заттық формасы аса маңызды емес;

  • табыс әкелуге қабілетті;

  • ұзақ мерзімді уақыт ішінде (бір жылдан аса) пайдаланылатын.

2700 «Материалды емес активтер» бөлім шоттарының талдамалы есебі төменде келтірілген «Материалды емес активтер есебінің түгендеу карточкасында» (№НОК-2 ныс) жүргізіледі.
Бухгалтерияда түгендеу карточкасы материалды емес активтердің әрбір объектісі үшін бір экземплярда ашылады. Оның ішіндегі жазулар «Материалды емес активтерді қабылдау-өткізу актісі», техникалық және басқа да құжаттама негізінде жасалады.
Түгендеу карточкасында материалды емес актив түрінің толық атауы, қысқаша сипаттамасы, есепке қабылдау мерзімі және құжат нөмірі, бастапқы құны, амортизация нормасы мен соммасы, пайдалы қызмет ету мерзімі келтіріледі. Болашақта материалды емес активтердің бөлек объектілерін есептен шығарылуына қарай «Материалды емес активтерді қабылдау-өткізу актісінің» негізінде олардың шығысталуы және шығысталу себебі, құжат нөмірі мен мерзімі туралы белгі жасалады.
Материалды емес активтер есебінің түгендеу карточкасын материалды емес активтердің атауы, қысқаша сипаттамасы, ай басындағы қалдығы, бір айдағы бастапқы құны бойынша олардың қозғалысы және ай соңындағы қалдығы көрсетілетін «Материалды емес активтер есебінің ведомосінде» жинақтайды.
Есептің компьютерлендіруі кезінде материалды емес активтердің түгендеу карточкасы мен ведомосі машинограмма түрінде автоматты құрылады.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәліметтерінің нақтылығын (шыңайлығын) қамтамасыз ету мақсатында және «Қаржылық есептілікті дайындау және тану» 1 ҚЕХС сәйкес материалды емес активтер, ұйымның басқда да активтер сияқты түгендеуге жатады. Материалды емес активтердің мақсаты болып табылады:

  • материалды емес активтердің нақты бар болуын, олардың дұрыс құрылуы мен бағалауын, пайдалы қызмет ету мерзімін анықтаудың нақтылығын тексеру;

  • материалды емес ативтер объектісінің барын және оларды пайдалану құқығын растайтын бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуін тексеру;

  • ұйым балансында материалды емес активтерді көрсету нақтылығын және шыңайлығын тексеру;

  • материалды емес объектілердің есептелген амортизация соммасы мен нормасын анықтаудың дұрыстығын тексеру.

Материалды емес активтерді түгендеу кезінде материалды емес активтердің әрбір объектісінің нақты болуы «Материалды емес активтер есебінің түгендеу карточкасы», «Материалды емес активтер есебінің Ведомосі» және бастапқы құжат негізінде анықталады.
Материалды емес активтердің келіп түсуі мен нақты бар болуын және оларды пайдалану құқығын растайтын бастапқы құжаттың рәсімделуін және объектілердің қалыптасу дұрыстығына көңіл бөлу қажет. Бастапқы құжатта материалды емес активтердің келіп түскен немесе шығысталған әрбір объектісінің атауы, олардың қысқаша сипаттамасы, алатын және өткізетін және қабылдайтын жақтар, бастапқы құны, пайдалы қызмет ету мерзімі, тозу нормасы мен сомасы,материалды емес активті қабылдаған комиссия мүшелерінің қолы көрсетілуі керек.
Түгендеу комиссиясы пайдалы қызмет ету мерзімінің және пайдаланылған амортизация нормасының, жалпы баланстық құнының және кезең басындағы және кезең соңындағы жинақталған амортизация соммасының дұрыстығын тексеруге міндетті.
Тексерілген материалды емес активтер есебінің түгендеу карточкасы, Ведомосі және олардың қозғалысы бойынша бастапқы құжат негізінде ұйым балансында материалды емес активтердің нақты және шынайы көрсетілуін тексеру қажет. Материалды емес активтер және олардың амортизациялары туралы бухгалтерлік есеп пен есептілік мәліметтерінің нақтылығы мен шыңайлығы сауда ұйымының салық салынатын табыс пен соңғы қаржылық нәтижесіне әсер етеді.
Жалпы материалды емес активтерді түгендеу кезінде кәсіпорынның меншік құқығы бар материалды емес активтердің нақты бары мен жоғын, олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетілуін, материалды емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығын, моральдық тозуға ұшыраған активтерін тексереді. Материалды емес активтерді түгендеу кезінде кәсіпорынға меншік құқында тиесілі МЕА нақты қолда барын; оларды баланста көрсетудің дұрыстығы мен мерзімділігі; МЕА-дің тозуын есептеудің дұрыстығы; моральды ескірген активтердің бар-жоғын тексереді. Негізгі құжаттарда материалды емес активтер объектілерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзімі, амортизациялау нормасы, пайдаланылатын объектінің құрылымы және басқа мәліметтері көрсетіледі. Материалды емес активтерді мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын растайтын құжаттары да тексеріледі. Бұл құжаттарға материалды емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттары жатады. Материалды емес активтерді сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртібін белгілейтін, сондай-ақ кәсіпорынның мүліктік құқығын растайтын құжаттар жатады.
Халықаралық стандарттағы қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есептің мемлекеттік эканомикалық жүйесі дүние жүзінде бәсекеге қабілетті. ҚЕБХС (қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары) жаңа стильді ұсынады, қаржылық есеп беру барлығына да және біркелкі қажет, капиталдың өрлеуі үшін өзіндік көпір болып табылады. Эканомиканың жылдамдатылған дамуына байланысты, отандық бухгалтерлер мен финансистер халықаралық стандарттар жүйесінде эканомиканың модернизациясының мемлекеттік бағдарламасы және уақыт талаптарына негізделе отырып, алдарына мынадай мақсат қойды – 2008 жылдың аяғына ҚЕХС өтуді іске асыру және орындау.
Жалпы осы мақсат аясында, 2009 жылдың басында ҚЕХС әсер етуші консептуалды өзгерістерді енгізу аяқталды. Сонымен бірге ҚР заңнамасына өзгерістер негізілді. Бірақ, ҚЕХС өтудің көптеген техникалық және материалды техникалық мәселелері шешілмеген болатын.
ҚР бухгалтерлік есебіне бехгалтерлік есеп шоттарының жаңа титік жоспарларының қабілеттілігімен халықаралық есеп стандартына айтарлықтай жақындады. Есептік тәжірибеге нормативтік құжаттар мен жаңа есеп беру обьектілері нарықтық эканомикамен шарттастырылып енгізіледі (материалдық емес активтер, жалға алу қатынастары, қаржылық салымдар және т.б); кәсіпорындарға есеп берудің обьектілерінің түрлерін таңдауға рұқсат етілген; тәжірибелік есепке халықаралық есептің принциптер ретін енгізу ұсынылды; есептеп енгізу принципі, қауыпсыздық принципі және т.б; оңтүстік елдердің есеп беру мен бухгалтерлік есеп беру жақындастырылды. Біздің еліміздің эканомикалық сатыларының бірі, бұл – қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына көшу. Сондықтан да, осы сатының қиыншылықтарына ерекше мән беру керек. Қазақстанның ҚЕБХС өту кезіндегі сұрақтар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді қажет етеді. Бірақ, бұлар өздігімен көптеген есеп берумен негізделеді, бұлар қайта құруды керек етеді.
Қиыншылықтар тізіміне бухгалтерлік және салықтық есебінің қиыншылығын белгілеп қойсақ болады, өйткені көптеген кәсіпорындар жыл ішінде шығынға ұшырайды. Жойылып кеткен есептік мәліметтер реализация көлеміне әсер етеді, пайдалар қарастырылғандай салықтық та. Бухгалтерлік есеп адаптациясы және халықаралық стандарттағы есеп беру қиын түскені үйреншікті жағдай. Бухгалтерлік есеп пен оның түсінігі мен терминологиясы заңдылықтың бір бөлігі болып есептеледі.
ҚЕБХС мен БЕҚС ең басты және негізгі ерекшеліктері мынада, қаржылық есеп беруді бухгалтер нормалау негізінде дайындайды, оның мамандық жағынан жеке пікірі, бұл шешім қаблдаудың негізі болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мәліметтер саясатын реттеу, біздің ойымызша, жаңа заманға сай сатыларының бірі, бірінші бөлігінде мынадай бөлімдер:

  1. есептер принципі және есеп беруді құрудың пайдалану ерекшеліктері. Егер кәсіпорын принциптерді қатал ұсталынса, стандарттарға қосылуға мақсатталса, «Дайындау прнциптері қаржылық есеп беруді құру» сияқты ҚЕБХС, онда берілген бөлім толтырылмай қалады;

  2. есеп беру элементтерін анықтау және олардың классификацияланған топтар және топшалар келтіру міндеттеледі, ұзақ мерзімді активтердің тұрақтылық және қалған мерзімді пайдалы түрде қолдану;

  3. есеп беру критерилерін мойындау. Кескінделген топтар мен топшалардың элементтерінің қажеттіліктері. Кейбір жағдайларда критерилердің орындалу тізімін қарастыру керек;

  4. есеп беру элементтерінің бағалаудың түрлері кескінделген топтар мен топшалардың элементтерінің нарықтағы құнын белгілеуге ерекше көңіл бөлу керек;

  5. басқа да стандарттармен альтернативтелген есеп беру есебінің обьектілері мен операциялардың рұқсат етілуі. Альтернативтік таңдау түсініктері келтіріледі.

  6. есеп беру есебінің обьектілері және басқа да стандарттағы операциялардың көлеңкелі ережелері қатыспауымен байланысты. Түсініктер оқиғадағыдай берілуі керек. Шешімдер қандай да бір берілген ережелерсіз қабылданады.

  7. өткен есеп беру жиілігі мен есеп беру мерзімінен кейін де кәсіпорынның міндеттері түсіндіріледі.

  8. есеп берудің формалар туралы пікірлер қатынасы. Мынаны белгілеп қою керек (қандай оқиғаларда кәсіпорын қосымша мәліметтерді ескеріп отырады), есеп беруге қатысты мәліметтерді ескере отырып, есеп беру формаларының өзінің құрамын да ескереді.

  9. кәсіпорынның тобы туралы барлық керек пікірлер.

Міндетті емес бөліктерінің ашылуы өзіне мынаны қосады:

  • тұтынушыларға мақсатты түрде ұйым және ұйымның атқарылған жұмыстары туралы мәлімет беретін аймақтары;

  • ұйымның қарым – қатынас сигменттері толық көрсететін стратегиясы;

  • қауып аймағының саясаты;

  • дивиденттік саясат;

  • кадрлікті қамтамасыз ететін саясат аймағы;

  • мәліметтік ашылулар, негізгі мәліметтер көздерінің ортасын ұйымдарының қаржылық есеп беру кезеңін ашу крек;

  • тұтынушыларға қаржылық есеп беру кезнде керек деп саналатын басқа да мәліметтер.

Қаржылық есеп берудегі тағы бір қиыншылықты мәліметтерді түрлендіру саясатының акцентін жасау. Берілген қиыншылық қазақ бухгалтерлер мен басқарушыларына басқалай көрініс береді. Қаржылық есеп беру ТФМҚЕБ көмек көрсетеді. Осыған байланысты әрбір ұйым өзінің инвестициялық және экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі қаржылық есеп беруді «publie relations» кәсіпорын деп айтуға болады.
Басқа кәсіпорындармен салыстыра отырып және оның дәрежесіне де көп көңіл бөледі.
Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша сұрақтарды қарастыру, осы уақытта Әділет Министірлігі есеп бойынша мемлекеттік тіркеу «23 стандарт» және кіші кәсіпорындағы субьектілерге есеп беру. Бұл стандарт мынаны есептеумен жасалынды, кіші кәсіпкерлер субьектілеріне қаржылық есеп беру мен есепті оңайлату мүмкіндігін берді, бұл біздің заңымызда да қарастырылған.
Дамушы елдердің экономикасы нарыққа бағдарланған сайын бизнес секторларына тәуелсіз қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы арта түсуде.
Әлемдік кономика, бизнес, сауда ғаламдасуындағы байқалған тенденцияға байланысты халықаралық бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы жұмыстың көлемі артып, аса ірі ұлтаралық бахгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымдары құрыла бастады.
Шетелдердегі нарықтық экономиканың жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырудың деңгейі айтарлықтай жоғары. Мемлекеттік қаржылықбақылауды бірнеше органдар жүзеге асырады: Парламент, президент пен үкімет аппаратындағы қаржылық бақылаудың арнайы қызметі, қаржы Министрлігі, салық комитеті, салық тексеру-бақылау бөлімшелері.
Келісімшарт негізінде ұдайы қаржылық бақылаудың мемлекеттік органдардың қызметімен қатар бұл істі бухгалтерлік-аудиторлардың тәуелсіз фирмалары да орындайды. Олардың пайда болуы мен жылдам дамуы ең алдымен қаржылық және өндірістік –коммерциялық ұйымдардың есептіліктерін обективті тұрғыдан бағалау қажеттілігінен туындады.
Компанияның өз мәліметтеріне күмәнсіз сенім білдіру өте қауіпті, өйткені есептіліктердің жақсы көрсеткіштері оларды банкротқа жиі ұшыратқан. Меншік иелері, акционерлер және кредиторлар өз капиталын жоғалтып алу қаупі мен сенімсіздіктерді акционерлік қоғамдардың қаржылық есеп берулерін зерделеп, талдап, оның шындыққа жанасымдылығына білікті қорытынды беретін тәуелсіз кәсіби аудиторлардың пайда болуына себепкер болды.
Бүгінгі таңда АҚШ – та 100 мыңнан көп тәуелсіз маманданған бухгалтерлер ресми тіркелген. Халықаралық ассоциация өз қызметін әлемдегі 189 елде жүзеге асыратын 4,5 мыңнан артық аудиторлық фирмаларды біріктіріп отыр. Тек Ұлыбританияның өзінде 200-ден аса ірі аудиторлық фирмалар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Әлемдегі нарықтық экономиканы барлық елдерде өзінің құқығы мен ұйымдық инфрақұрылымы бар кәсіби аудиттің қоғамдық институты жұмыс істейді.
Бірқатар шет елдерде аудиттің ұйымдастырылуы туралы нормативті – құқықтық актілерді салыстыру арқылы кәсіпкерлік қызметтің осы саласындағы көптеген мәселелерінің шешілуіндегі белгілі бір ұқсастықтарды оңай анықтауға болады. Айтар болсақ, барлық жерде де кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруіне аудит жүргізудің қажеттілігі туралы ереже бар. Аудиторлық тәжірибеге рұқсат беретін біліктілік талабы белгіленді.
Аудиторлық ұйым негізінен жауапкершілігі шектелмеген серіктестік түрінде болып отыр, ұйымның бұл түрі ағылшын ретінде сөйлейтін елдерде кең тараған. Олардың көбінде аудитордың қолы компания басқарушының жауапкершілігін өз мойнына алады. Сондықтан да шектеулі жауапкершілік түрі тараған кейбір елдерде аудитордың өз міндетін орындау барысында жіберген ұқыпсыздығы үшін тек материалдық тұрғыдан ғана жауап береді және оған бұл қызмет түрімен айналысуына тыйым салынады.
Материалдық емес активтің есебін жетілдіру үшін келесі жағдайларды қарастырған жөн:

  1. «Гудвилл» - фирма бағасы (іскерлік бедел) – әдетте дамыған елдерде біртұтас мүліктік-қаржылық кешен ретіндегі фирманың құны мен олардың актив құны арасындығы айырманы сипаттайтын құндық категория.

  2. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүйесінде «Гудвилл» заңды түрде әзірге аукционнан және конкурс бойынша жекешелендіру процесі үшін қолданылады.

  3. Азаматтың зияткерлік (интеллектуалды) және іскерлік жақтары, оның ішінде біліктілгі мен еңбекке деген қабілеті одан алынып, басқа адамға берілуі мүмкін емес болғандықтан, материалдық емес активтер болып танылмайды.

  4. Материалдық емес активтер обектісінің бар екендігі құжат түрінде ресімделді ме? Есепке алынатын материалдық емес активтің кез келген объектісі оны елестетуге болатындай объективті түрде көрінуі тиіс.

  5. Талап-құқығына ие болу, пайдалы үлгілерге, өндірістік үогілерге құқықтарды алу патенттік ведомствада тіркелуге тиісті лицензиялық келісімдермен расталуға тиісті.

  6. Материалдық емес активтер құнының бастапқы бағасы дұрыс көрсетілгендігі.

  7. Материалдық емес активтердің объектілері кәсіпорынның баланс есебінен дұрыс шығарылуы.

  8. Материалдық емес активтер обектілеріне тозу дұрыс есептелді ме? Амортизациялық аударымының мөлшері жалпы ережеге сәйкес бастапқы қүн мен пайдалы қызмет мерзіміне негізделіп есептелген нормалар бойынша ай сайын анықталуы тиіс пайдалы қызмет ету мерзімі болып қолданылатын обектілердің пайда немесе кәсіпорынға басқадай тиімділік әкелетін уақыты саналады. Пайдалы қызмет ету мерзімін анықтау мүмкін емес жағдайда немесе қиынға түскенде материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар нормасы 10 жылға деп есептеліп, белгіленеді. Материалдық емес активтердің кейбір түрлері бойынша амортизация мүлдем есептелмейді.

  9. Материалдық емес активтердің синтетикалық және аналитикалық есебі дұрыс жүргізілуі.

  10. Материалдық емес активтердің синтетикалық және аналитикалық есебі мен олардың тозу мәліметтері Бас кітаптағы және басқа бухгалтерлік регистрларға жазбалармен сәйкестігі.

  11. Пайдалану барысында материалдық емес активтер бойынша амортизацияны есептеу үшін негізгі корреспонденциялар қолданылуы.

  12. Жыл соңында барлық шығыстар жиынтық табысқа есептен шығарылуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет