Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады


«Самұрық-Қазына» АҚ-ның есеп және қаржы жұмысын талдау



бет5/10
Дата30.11.2022
өлшемі85,53 Kb.
#160646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жаконай курстық жұмыс

2.2. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның есеп және қаржы жұмысын талдау

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі - «Қор» немесе «Самұрық-Қазына») Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы қаулысына сәйкес 2008 жылы 3 қарашада кұрылды. Құру «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі-«Қазына») мен «Самұрық» мемлекеттiк активтерді басқару жөнiндегi қазақстандық холдингі» акционерлiк қоғамын (бұдан әрі - «Самұрық») біріктіру және Мемлекеттiң Қорға Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі - «Мемлекет» немесе «Үкімет») тиесiлi кейбір кәсіпорындардағы өзінің қатысу үлесiн қосымша беру жолымен жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетi бiлдiретiн Үкiмет Қордың жалғыз акционерi (бұдан әрi «Акционер») болып табылады.


Осы қайта ұйымдастыру кезiндегi Yкiметтiң негiзгi мақсаты менеджменттiң тиiмдiлiгiн арттыру және Үкіметтің тиiстi бағдарламаларында белгiленген стратегиялық мiндеттерiн табысты орындау максатында Қордын еншілес ұйымдарындағы ұйымдық құрылымдарды оңтайландыру болып табылады.
Қор 27-ескертпеде санамаланган бiрқатар мемлекеттік кәсіпорындарды (бұдан әрi - «Топ») бiрiктiретiн холдинг болып табылады. Қордын қызметi 2012 жылғы 1 ақпанға дейін «Ұлттық әл - ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы № 134-4 Заңымен реттелген және ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге; экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға; Топ компаниялары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған болатын. 2012 жылғы 1 ақпанда «Ұлттық əл - ауқат қоры туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-4 Заңы қабылданды, оған сәйкес Қордың қызметі Топқа кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын ұлғайту және Топ активтерін тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыруға шоғырлануы тиіс.
Функционалдық валюта және ұсыну валютасы
Топтың 2019 жылғы 30 маусымда аяқталған үш және алты ай үшiн осы аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептiлiкке қосылған әрбiр кәсiпорнының қаржылық есептiлiгiнiң элементтерi кәсiпорын өз қызметiн жүзеге асыратын негiзгi экономикалық орта валютасын пайдалана отырып бағаланады (бұдан әрi-«функционалдық валюта»). Аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептiлiк теңгемен көрсетілген, әрі ол Топтың есептiлiгiн ұсыну валютасы болып табылады.
Операциялар және шоттар сальдосы
Шетелдік валютадағы операциялар жүзеге асырылған күнгi валюта бағамы пайдаланыла отырып функционалдық валютаға қайта есептеледі. Осындай операциялар бойынша есептеулер нәтижесiнде және жыл аяғындағы бағамдар бойынша шетелдік валютада берілген монетарлық активтер мен мiндеттемелердi кайта есептеуден туындаған бағамдық айырмадан пайда болатын кiрiстер мен шығындар пайдалар мен шығындар болып мойындалады.
Тарихи күннің негiзiнде шетелдік валютада бағаланатын монетарлық емес баптар бастапқы мәмiлелер жасалған құны қолданыста болған бағамдар бойынша қайта есептеледi. Әділ құны бойынша шетелдік валютада бағаланатын монетарлық емес баптар әділ күн белгiленген күнi қолданыста болған бағамдар бойынша қайта есептеледi.
Топтың кәсiпорындары
Функционалдық валютасы ұсыну валютасынан ерекшеленетін Топтың барлық еншілес ұйымдарының, бiрлескен кәсіпорындары мен қауымдасқан компанияларының (олардың бiр де бiрi гиперинфляциялы экономикалардың валютасында операция жасамайды) кiрiстерi, шығыстары және қаржылық жағдайы ұсыну валютасына мынадай түрде қайта есептеледi:

  • ұсынылған бухгалтерлік баланстардың әрқайсысы бойынша активтер мен мiндеттемелер есептi күндердегi бағамдар бойынша қайта есептеледi;

  • жиынтық кiрiс туралы есептердiң әрқайсысы бойынша кiрiстер мен шығыстар кезеңдегi орташа бағамдар бойынша қайта есептеледі (орташа бағам бағамдардың жиынтық әсерiнiң операция жүзеге асырылған күнгi бағамға ақылға қонымды жақындауы болып табылмайтын жағдайлардан басқа, бұл жағдайда кiрiстер мен шығыстар операциялар жүзеге асырылған күнгi бағам бойынша қайта есептеледi);

  • барлық бағамдық айырмалар өзге жиынтық кiрiсте жеке кұрамдауыш ретiнде танылады.

Валюталарды айырбастау бағамдары бойынша
Қазақстан Қор Биржасында (бұдан әрi - «ҚҚБ») белгіленген орташа есептелген валюта айырбастау бағамы Қазақстан Республикасында ресми валюта айырбастау бағамы ретiнде қолданылады.
Мына кестеде шетелдік валютаның теңгеге айырбастау бағамы ұсынылған:






2019 жылғы 30 маусым

2018 жылғы 31 желтоқсан

2019 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай үшін орташа алынған бағам

2018 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай үшін орташа алынған бағам

2019 жылғы 10 қыркүйек

АҚШ доллары

380,53

384,20

379,29

326,53

385,89

Еуро

433,08

439,37

428,45

395,39

426,22

Ресей рублі

6,04

5,52

5,81

5,5

5,9

Негізгі құралдар бойынша


2019 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 1.241.285 миллион теңге сомасындағы таза баланстық құны ескерiлген негiзгi құралдар Топтың кейбiр қарыздары бойынша қамтамасыз ету ретiнде салынды (2018 жылғы 31 желтоқсан: 1.260.296 миллион теңге). 2019 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Топтың толығымен есептелген тозуы ескерiлген негiзгi құралдарының бастапқы құны 1.021.824 миллион теңгенi (2018 жылғы 31 желтоқсан: 826 144 миллион теңге) құрады. 2019 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айда Топ 9.820 миллион теңге сомаға 5,3% мөлшерiнде орташа өлшенген пайыздық мөлшерлемесі бойынша қарыздар бойынша шығындарды (2018 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айда 18.275 миллион теңге сомаға 4,6% мөлшерлемесі бойынша) капиталдандырды.




Мұнай-газ активтері

Құбыржолдар және МӨЗ активтері

Ғимарат және құрылыстар

Теміржол жолдары және инфра-құрылым

Машиналар, жабдық және көлік құралдары

Тау-кен активтері

Басқасы

Аяқталмаған құрылыс

Жиыны

Бастапқы құн

Жиналған тозу және құнсыздану



5.742.047

(1.429.266)



3.370.192

(1.092.136)



1.504.832

(459.372)



1.349.367

(239.728)



5.049.494

(1.959.996)



304.954

(139.221)



220.972

(110.625)



880.701

(138.768)



18.422.529

(5.569.112)



2019жылғы 30маусымдағы қалдық құны

4.312.781

2.278.056

1.045.460

1.109.639

3.089.468

165.733

110.347

741.933

12.853.417

2019жылғы 30маусымдағы қалдық құны

43.938

4.677

62.621

-

252.755

-

26.892

-

390.833

Сауда дебиторлық берешек және ағымдағы активтер бойынша
2019 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Топтың 126.680 миллион теңге мөлшерiндегi дебиторлық берешегі Топтың кейбiр қарыздары бойынша қамтамасыз ету ретiнде салынды (2018 жылғы 31 желтоқсан: 61.325 миллион теңге).
Ақша қаражаты және оның баламалары бойынша
Қысқа мерзiмдi банк салымдары Топтың қолма-қол ақша қаражатына шүғыл қажеттiлiктерiне қарай әртүрлi мерзiмдерге – бір күннен үш айға дейiн еңгiзiледi. 2019 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша банктердегi мерзiмдi депозиттер бойынша және ағымдағы банктік шоттар бойынша орташа өлшенген пайыздық мөлшерлеме тиiсiнше 5,43% -ды және 0,65% -ды (2018жылғы 31желтоқсанда: тиiсiнше 4,0% және 0,6%) құрады.
Акцияларды шығару бойынша
Ақша қаражатының жарналары 2019 жылғы 19 ақпанда Акционер 15.000 миллион теңге мөлшерiндегi ақша қаражатымен Қордың жарғылық капиталына жарнаны жүзеге асырды. Осы қаражат Қордың еншілес ұйымы «Бiрiккен химия компаниясы» ЖШС жүзеге асыратын жобаларды қаржыландыруға арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет