«Қаржы», «Есеп және аудит», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика», «Менеджмент», «Маркетинг», мамандығының студенттері үшін
Нарық жағдайында қоғамда болып жатқан процестерді терең талдай алатын және нақты шешімдер қабылдайтын мамандар қажет. Басқарудың экономикалық әдістерінің мәнінің артуына орай қоғамдық-экономикалық өмірдегі өзгерістер туралы деректердің шынайылығы мен дұрыстығын, нақтылығы мен сапасын жоғарылатуда статистиканың алатын орны ерекше басым және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі болып саналады. Жоғары дәрежелі мамандар даярлауда статистика ғылымы маңызды рөл атқарады.

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада мысалы 3 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Курстың негізгі мақсаты– қоғамдық құбылыстардың өзара байланысын және құрылымын, даму жағдайын зерттеу, статистикалық бақылауды ұйымдастыру принциптерін оқып-үйрену болып табылады
Курстың негізгі мақсаты – қоғамдық құбылыстардың өзара байланысын және құрылымын, даму жағдайын зерттеу, статистикалық бақылауды ұйымдастыру принциптерін оқып-үйрену болып табылады
Курстың негізгі міндеті–
қоғамдық құбылыстардың күйін, дамуын, құрылымын және өзара байланысын зерттеу әдістемесін оқып-үйрену, қоғамдық құбылыстарды болжау және олардың статистикалық үлгісін құру:
әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер жүйесі мен ұлттық шоттарды құрудың теориялық негізін оқып-үйрену;
әлеуметтік – экономикалық үдерістердің динамикасын талдауда статистикалық әдістерді қолдануға, өндіріс тиімділігі деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторлардың ықпалын бағалауға дағдылану;
дер кезінде басқару шешімдерін қабылдау үшін статистикалық ақпараттарды қорытындылау әдісін меңгеру.
«Статистика» пәнін игеру үшін «Экономистерге арналған математика», «Экономикалық теория», «Информатика» пәндері бойынша игерілген білімдер қажет етіледі

«Статистика» курсын оқи отырып, студент білімнің түрлі облыстарындағы эрудициясы мен ой-өрісі кең болуы үшін, әрі экономикалық қызмет, халық, оның өмір сүру жағдайы мен басқару осы пәннің негізгі объектісі болғандықтан экономист, қаржыгер, менеджер, коммерсант, бухгалтер т. б. мамандықта өз ісінің шебері, жоғары квалификациялы маман болу үшін экономикалық теория, макро- және микро деңгейдегі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, менеджмент, кәсіпорын экономикасы, маркетинг және т. б. пәндерді жете меңгеріп, қолданылу механизмін тереңірек түсінуі қажет

Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер әрбір тақырып бойынша есептер шешу мен есептеу әдісін қолдану арқылы бекітіліп отырылады

«Статистика» пәні бойынша семинарлық (практикалық) сабақ кезінде студенттерге бір жеті минуттық ғылыми баяндама дайындау ұсынылады, ол баяндаманы ауызша тапсырады немесе реферат форматында жазбаша түрде көрсетеді. Баяндамаға қойылатын негізгі талаптар: таңдалынып алынған тақырып бойынша теориялық мәлііметтерді баяндау, студенттердің ұсыныстары мен нұсқауларын, пікірлері мен көзқарастарын дәйектеу, баяндаудың қысқа және нақты болуы. Өзекті мәселелер бойынша баяндама дамытылып, толықтырылып және ғылыми конференцияға ұсынылады.
Семинарлық сабақтар дискуссиондық сипатта жүргізіледі: қандай да бір мәселелер бойынша түрлі альтернативті көзқарастар қарастырылып, қосымша хабарламалар ұсынылады, есептер, кроссвордтар құрастырылып, шешіледі. Студенттердің тобындағы шығармашылық атмосфера оқытушыға әрбір студенттің білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Студенттердің білімін тексеру ауызша сұрау, электрондық оқулықтарда берілген тесттер, есептер шешу, жеке семестрлік тапсырмаларды және оларды қорғау арқылы үй тапсырмаларын орындауды тексеру түрінде жүзеге асырылады.