Нарықтың түрлері, құрылымы және мәні. Нарықтық экономика туралы түсінік
Орындаған: Балабек Бақнұр
Қабылдаған: Қарлығаш Асильхановна
Нарық — бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық күрделі құрылымнан тұрады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз Әлемдік нарық Ішкі нарық Еларалық нарық Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты.Әлемдік нарық сыртқы сауда,тауар айырбастау операциясымен жүзеге асады.Мысалы:қазіргі уақытта Қазақстан,Еуропа,Азия,АҚШ сияқты елдер нарықтар арасындағы байланыстар ұлғайып,әлемдік рынок қалыптасуда.
Ішкі нарық-ол бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық.Мысалы:Қазақстаннан алған мақта шикізаты бірнеше елдерге қымбат бағада сатылады.
Еларалық нарық- еңбек бөлiнiсi арқылы байланыстыратын бiрнеше мемлекттердiң қатысуымен құрылған нарықты айтады.
Нарықтың құрылымын түрлі критерийлер бойынша жіктейді, олардың ішіндегі ең маңыздылары
Нарықты экономикалық қызметіне байланысты- тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығы, өндіріс құрал- жабдықтарының нарығы, еңбек, инвестициялар, бағалы қағаздар, қаржы нарығы деп бөледі.
Географиялық жағдайына қарай- жергілікті, аймақтық, ұлттық нарығы деп бөледі.
Бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты- жетілдірілген бәсекелестік нарығы және жетілмеген бәсекелестік нарығы (монополистік бәсекелестік, олигополиялық, монополиялық) деп бөледі.
Нарықтық механизм дегеніміз- нарықтың негізгі элементтері: баға, бәсеке, ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекетте болу механизмі. Әрбір экономикалық жүйеге тән: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру? Сұрақтарын нарықтық экономикада нарық жоғарыдағы төрт элементтің арақатынасымен шешеді.
Еліміздің ұлт ерекшелігіне байланысты жалпы ет өніміне сұраныс бар. Осының өзінде сұраныс бірқалыпты болмайды. Себебі ет өнімдерін жаз айларында пайдалану төмен болады, ал салқын айларда пайдалану жоғарылайды. Осының салдарынан бағада, сұранымда және ұсыным да бірқалыпты жағдай болмайды. Жаз айларында еттің бағасы төмендейді, себебі сұраным төмен, одан барып, оны өндіру де азаяды.
Нарық инфрақұрылымы деп нарықты қатынастардың жемісті қызмет етуін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық фирмалардың жиынтығын айтады. Үш түрлі нарықтың инфрақұрылымының элементтері бар, олар: тауар, қаржы нарығы және еңбек нарығы.
Тауар нарығының инфрақұрылымына жататындар- тауар биржалары, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары т.б.
Қаржы нарығының инфрақұрылымына кіретіндер: қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлары.
Еңбек нарығының инфрақұрылымына кіретіндер- еңбек биржалары, жұмысқа қамту мен кадрларды қайта даярлау қызмет орындары, жұмыс күшін реттеу және т.б.
Ақпарат деп нарықтың жағдайын талдап және бағдарлау үшін пайдалынатын мәліметтерді айтады. Кез- келген фирма сұраныс пен ұсыныс туралы, пайда нормасы жөнінде, қай жерде арзан сатып алуға және қандай жерде қымбат сатуға болатыны туралы мәліметтерді қажет етеді. Қолдағы мәліметтер негізінде фирма өз іс-әрекетінің стратегиясын жасайды.
Консалтинг деп ақылы жағдайда мамандандырылған фирмалардың басқаруды жүзеге асыруға байланысты кеңестер беруін айтады. Қызметтер- тауарлар, қызмет көрсетулер, ноу- хау және т.б. нарықтарын зерттеу мен бағдарлау жөнінде көрсетіледі. Сондай-ақ құқықтық қызметтер де көрсетіледі. Фирмалар консалтингті кеңінен пайдаланылады, себебі мұндай кеңестер алу өздеріне арнайы мамандарды қызметке қабылданғаннан анағұрлым арзанға түседі.
Нарық инфрақұрылымының тиімділігі көбінесе экономикалық коньюнктураға байланысты, яғни нарықтың белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы. Конъюнктура туралы төменгі көрсеткіштер мәлімдейді:
өндіріс пен құрылыс динамикасы
тауар запастарының мөлшері
пайда, еңбекақы және өндіріс шығындары дәрежесінің өзгеруі
еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-қатынас
Назарларыңызға рахмет!:)