Тьютер қызметі, бұл - оқушының ғылыми жетекшісі, дарынды, ізденімпаз шәкірттің ғылыми-зерттеу біліктілігін қалыптастырады
Тұтас педагогикалық процесс дегеніміз - оқытушылар мен тыңдаушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған, мазмұнды түрде ұйымдасқан, бағыт беруші белсенді іс-әрекеттері
Студенттердің өзіндік жұмысы: бұл нақты нәтиже алу үшін оқытушының тікелей көмегінсіз орындалатын сапалы түрде жоспарланып, ұйымдастырылып, әдістемелік тұрғыдан бағытталған жұмыс
Жоғары мектептегі педагогикалық бақылаудың функциясы: диагностикалық, оқытушылық, тәрбиелеушілік
Практикалық сабақтың мақсаты: лекцияда берілген теориялық білімді нақтылау, қорыту, кәсіби дағдыны қалыптастыру, кері байланыс алу
Дүниетанымның компоненттері: ғылыми білім жиынтығы, көзқарас, сенім, адамның мұраты
Педагогикалық менеджменттің анықтамасы: оқыту процесін басқару, мектепішілік басқаруды іске асыру
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының авторы Шаталов В.Ф.
Ынтымақтастық педагогикасының мақсаты: балаға ізгілік тұрғысынан қарау, талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту
Занков Л.В. ұсынған дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете, қарқынды, жан-жақты дамыту жүйесі, ақпараттық және проблемалық ізденгіштік әдістерін үйлестіру
Педагогикалық методология дегеніміз: педагогикалық зерттеулердің әдістері туралы ғылым