Шешу алгоритмі: Тіс ұлпасының (пульпа) метаболизм ерекшеліктері мен рөлін сипаттаныз.
Глюкоза метаболизмі пульпаның трофикалық функциясында қандай рөл атқаратынын түсіндіріңіз.
минерализациялану кезінде белсенетін глюкозаның метаболизм жолын атаңыз;
пульпадағы АТФ, цитрат және СО2 синтезін қамтамасыз ететін глюкоза катаболизмінің схемасын жазыңыз.
№7 Жағдайлық есеп.
Науқас аузынан жағымсыз иіс шығуына, тістердің суық және ыстық тағамға сезімталдығының жоғарылауына, қызыл иектің қан кетуіне, тіл, ерін, қызылиек аймағындағы бұзылыстарға шағымданды. Дәрігер-стоматолог қараған кезде ауыздың шырышты қабаты құрғақ, ісінген, созылмалы гингивит, стоматит, кариес анықталды. Анамнезінде 2-ші типті қант диабеті, қандағы глюкоза - 9,5 ммоль / л, гликирленген гемоглобин - 8,5% (норма 5% дейін).