Шешу алгоритмі Бұл белгілер тән патологияны атаңыз
Т4 және Т3 биологиялық әсерлері мен әсер ету механизмін түсіндіріңіз
Ауыз қуысының шырышты қабатында қандай өзгерістер байқалады?
Балалар мен ересек адамдардағы Т4 және Т3 жетіспеушілігінің айырмашылығын түсіндіріңіз.
Жағдайлық есеп.
Тіс дәрігерінің қабылдауында жүкті әйел келді, ол анада да, болашақ нәрестеде де болатын кариестің алдын-алу бойынша ұсыныстар алғысы келеді.
Оның диетасында қандай липидтер мен ақуыздар жеткілікті мөлшерде болуы керек?
Тағам ақуыздары ұрықта тістің дамуына қалай пайдаланылады?
Жүкті әйелдің диетасында қандай витаминдер мен минералдар болуы керек және бұл қосылыстардың қандай маңызы бар?
Тамақ құрамында қандай заттарды қабылдауды шектеу керек?
Жағдайлық есеп.
Жергілікті жер радионуклидтермен, атап айтқанда стронциймен (Sr40) ластанған кезде жергілікті тұрғындар мен жануарларда аяқ-қолдардың жиі сынуы және дамымауы байқалады.
1. Дені сау адамда сүйек апатитінің негізгі формуласын жазыңыз.
2. Sr40 сүйек тініне әсер ету реакциясы мен биохимиялық механизмін сипаттаңыз.
3. Нормадағы Ca/P мәнін және осы патологиядағы оның өзгеруін көрсетіңіз.
Құрамында көп мөлшерде сахароза, мальтозасы бар кока-кола, фанта және сыраны қабылдау кариестің дамуына әкеледі. Осы сусындардың әсерінен кариестің пайда болу себебін түсіндіріңіз.