Бұл белгілерді түсіндіру үшін: а) коллаген мен эластин түзілуі кезінде осы витаминдердің қатысуымен жүретін реакцияларды және ферменттерді атаңыз;
б) аталған реакциялар коллаген мен эластиннің түзілуінің қандай сатыларында жүретінін көрсетіңіз;
в) осы реакциялар барысында түзілетін өнімдердің коллаген мен эластин құрылымдарын тұрақтандырудағы рөлін сипаттаңыз.
Жағдайлық есеп.
Кариеске қарсы зат фторидтер екені белгілі. Олар эмальға тұщы су немесе құрамында фториді бар тіс пасталары арқылы түседі.Сағызды өндірушілер құрамында фториді бар тіс пасталарға сұраныс жоғары екенін біліп, сағыздың құрамына фторидті қосуды ойластырды.Бірақ стоматологтің консультациясынан өткеннен кейін өзінің идеясынан бас тартуға мәжбүр болды. Стоматологтар фторидті сағыздың құрамына қосуға неге тыйым салды? Сұраққа жауап беру үшін: а) фторидтердің кариеске қарсы механизмін түсіндіріңіз
б) неліктен фториді бар тіс пасталарын қолдану тіске пайдалы, ал құрамында фториді бар сағызды қолдану тіске зиян?
в) осындай өнімді балалар мен жасөспірімдердің бақылаусыз тұтынуы қандай нәтижеге алып келуі мүмкін.
Жағдайлық есеп.
Ғалымдардың пікірінше, гистатиндерді пайдалану пародонтопатияларды алдын алу және емдеудің жаңа үрдісі болуы мүмкін. Неліктен, бұл белоктар емдеудің жаңа әдістерін жасайтын ғалымдардың назарын аударғанын түсіндіріңіз.