в) холестерол алмасуындағы ТТЛП мен ТЖЛП рөлін түсіндіріңіз;
г) ауыз қуысы тіндеріндегі гиперхолестеринемияның себептері мен салдарын атаңыз.
№4 Жағдайлық есеп.
Бүйректің созылмалы ауруы бар науқастарда остеопороз, тістердің босаңсуы және түсуі байқалады.
Шешу алгоритмі: Созылмалы бүйрек ауруларында қандай гормонның (витамин туындысының) активтенуі бұзылады? Осы гормонның химиялық табиғатын, биологиялық әсерін түсіндіріңіз.
Са2 + мен фосфаттың мүшелер мен ұлпалардан қанға түсуінің қандай механизмдері бұзылған? Бұл жағдайда сілекейдегі Са+ 2 мен фосфаттардың деңгейі қалай өзгереді?
Науқастарда сүйек тіндері мен тістердің босауы түсу себептерін түсіндіріңіз.
Қандағы Ca2 + мөлшерінің артуына жауап ретінде қандай синергетикалық гормонның бөлінуі артады?
№5 Жағдайлық есеп.
Полиурия, полидипсия, полифагия және пародонт ауруы бар қант диабетімен (ҚД) ауыратын науқастарға нәруызға бай диета ұсынылады.