Шешу алгоритмі а) стероидты остеопороздың алдын алу үшін 𝐶𝑎2+ препараттарымен бірге D3 витаминін тағайындалуын түсіндіріңіз;
б) синтетикалық глюкокортикоидтармен емдеу кезінде периодонттағы коллаген талшықтарының мөлшерінің төмендеуі және оның деградациясын түсіндіріңіз;
в) ұзақ уақыт глюкокортикоидтармен емделген науқастарда тістерінің зақымдалуы мүмкін бе?
Жағдайлық есеп.
Пульпит пен периодонтитті емдеген кезде қабынуға қарсы және тіс түбінің каналдарын өңдеу үшін «Крезофен» препаратын қолданады, оның құрамында глюкокортикоидтың (ГКС) құрылымдық аналогі дексаметазон бар. Синтетикалық стероидтер фосфолипаза А2 (фермент мембраналық фосфолипидтерден арахидон қышқылының бөлінуіне ықпал етеді) ферментін тежейтін зақымдалған тіндердің жасушаларында липокортин нәруыздарының синтезін белсендіреді. Дексаметазонның қабынуға қарсы әсер ету механизмін түсіндіріңіз.