Жалпы уақытынын көбін жүрумен өткізеді, барлық емге баруына болады, топты ЕШК жаттығулары аз және орташа салмақ тусірумен арнайы залда жүргізіледі, толығымен өзін - өзі күтеді, далаға шығуға болмайды. Аялағыш-жаттықтырғыш күндізгі уақытта төсекте жатуына болмайды (тыныштық сағаттарынан басқа уақытта), ЕШК жаттығулары тек топты тәсілмен орташа және үлкен салмақ түсірумен жүргізіледі, еңбекпен емдеуді тағайындауға болады, далада серуендеуге немесе жаттығуға болады, спорт ойындарының элементтері тағайындалады. Шипажайлық емге жаттықтырғыш тәртіп колданылады. Науқас мекеменін барлық шараларына қатысады, ЕШК жаттығулары үлкен салмақ түсірумен жүргізіледі. Науқастардың медициналық, тұрмыстық, әлеуметтік, кәсіптік реабилитациясы мақсатында қалпына келтіру шараларының неғұрлым толық бағдарламасы тағайындалады.
Төсек тартып жатқан науқастардың төсекте жату қалпының 3 түрі бар.
Науқастың төсектегі қозғалыс қалпы:
Белсенді;
Енжарлы;
Мәжбүр.
Белсенді немесе еркін қалып – жеңіл ағымды аурулармен ауырған науқастарда кездеседі. Ол кезде науқас өздігінен қимылдап өз денесінің қалпын еркін қозғалта алады, өзін-өзі күте алады.
Енжарлық қалып– науқас қимылсыз, жағдайы ауыр, өз-өзіне күтім жасай алмайды.
Мәжбүрлік қалып – ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалып. Науқас өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту үшін немесе мүлдем тоқтату үшін қолданады. Клиникада мәжбүр қалыптың бірнеше түрі кездеседі:
Ортопное-өкпе демікпесінде науқас амалсыз төсегінде отырады. Осы уақытта ентігуі азаяды.
Амалсыз бір бүйірінде жату қалпы – жүрек ауруларында, науқас амалсыз оң бүйіріне жатады, сол бүйіріне жатқанда, жүрегі қысылады.
Амалсыз шынтақ пен тізеге отыру қалпы – бұл экссудативті плеврит ауруына тән.
Амалсыз ішінен жату қалпы – асқазан жара ауруларына тән.