Симс қалыпта жату – науқасты бір қырынан жатқызу керек.Төменгі қолы арқасына қарай созылып, ал екі аяғы жеңіл тізесінен бүгіледі. Жоғарғы аяғы алдына таман қаттырақ бүгіліп, төменгі аяғы төсекте созыл
Симс қалыпта жату – науқасты бір қырынан жатқызу керек.Төменгі қолы арқасына қарай созылып, ал екі аяғы жеңіл тізесінен бүгіледі. Жоғарғы аяғы алдына таман қаттырақ бүгіліп, төменгі аяғы төсекте созылып жатады.
Симс қалыпта жату – науқасты бір қырынан жатқызу керек.Төменгі қолы арқасына қарай созылып, ал екі аяғы жеңіл тізесінен бүгіледі. Жоғарғы аяғы алдына таман қаттырақ бүгіліп, төменгі аяғы төсекте созылып жатады.
Іс-әрекет
Негізделуі
1. Науқаспен амандасу, жағдайын
сұрау, манипуляция мақсатын,
іс-әрекеттерін түсіндіру
Науқаспен қажетті қарым-қатынас жасалады
2. Науқастың келісімін алу
Науқастың құқығын сақтау
қамтамасыз етіледі.
3. Кереуеттің бас жағын горизонталь-ды қалыпқа келтіру
Науқасты бір қырымен жатқызуға ыңғайлы жағдай жасалады
4. Науқасты бір қырымен және жар- тылай ішімен жатқызу
Симс қалпын қамтамасыз ету
5. Басына жастық қою
Мойынның шектен тыс бүгілуін болдырмайды
6. 90° бұрышта иықта және шын-тақта бүгілген «жоғарғы» қол асты-на жастықша қою. «Төменгі қолды» бүкпей төсекке қою
Дұрыс дене биомеханикасы қамта-масыз етіледі
7. Бүгілген «жоғарғы» аяқ астына
жастықша қою, «төменгі» балтыр «жоғары» аяқ санының төменгі 1/3 бөлігі деңгейінде орналасуы керек
Санының ішке қарай бұрылуын, аяқтың шектен тыс жазылуын болдырмайды
8. Аяқ астына 90° бұрышта тіреуіш
қою
Аяқ басының бүгуін қамтамасыз ету,
аяқ басының «асылып қалуын» болдырмайды
Науқасты Симс қалпында жатқызу
Іс-әрекет
негізделуі
1.Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау, манипуляция мақсатын, іс-әрекеттерін түсіндіру
Науқаспен қажет қарым-қатынас жасалады
2. Науқастың келісімін алу
Науқастың құқығын сақтау қамтама-сыз етіледі
3. Кереуетті горизонталды қалыпқа
келтіріп, жастықты алып тастау
Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі
4. Науқастың қолдарын шынтағында
жазып, денесіне жақындату, қол ұшын санының астына қойып, қолы арқылы денесін айналдырып, ішімен жатқызу
Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі
5. Науқасты кереуеттің ортасына жатқызу
Пациентке ыңғайлы жағдай жасалады
6. Науқастың басын бір шетіне қарай
бұру, басының астына кішкене
жастық қою
Мойын омыртқаларының бүгу және шектен тыс жазуды азайту
7. Көк ет деңгейінен төмен іш аймағына кішкене жастық қою
Бел омыртқаларының шектен тыс жа-зылуы мен бел омыртқаларына салмақ түсу төмендейді
8. Науқастың қолдарын иығында
бүгу, бас деңгейіне дейін көтеру
Иық буынының шығып кетуін бол-дырмау
9. Аяқ басы астына валик қою
Аяқ басының “салбырап” қалуын және сыртқа қарай бұралуын болдырмау
Науқасты ішімен жатқызу
Науқасты бір қырынан жатқызу
Бір қолыңыздың алақанын жоғары қаратып науқастың белінің астына
қою;
Екінші қолыңызды науқастың жамбасының астынан сан аймағына
жіберіп, алақаныңызды жамбас-сан буынында бекіту;
Науқасты өзіңізге қарай жылжытып, бір қырына қарай айналдыру;
Науқас төсектің ортасында орналасуы керек.
Жоғарғы аяқты тізесінде бүгіп, науқасты бекіту;
Науқастың бас жағына жастық қою;
Бүгілген аяқ астына жастық қою, аяғы сан деңгейінде орналасуы керек.
Науқасты өзімізге қаратып айналдырып бір қырынан жатқызу
Науқасты сол қырына айналдыру кезінде оның оң қолын көкірегіне, ал оң аяғын сол аяғының үстіне қою;
Науқасты санынан (тізесіне жақындау) және иығынан ұстау;
Өзіңізге қарай науқасты айналдыру;
Жоғарғы аяғын тізесінде бүгіп, науқасты бекіту;
Астындағы қолды шамалы бүгіңіз, жастық қасына орналастыру керек;
Үстінде орналасқан қолды шынтақта бүгіп, жастықтың үстіне