Науқастың жеке гигиенасы


Ойылуды емдеудің кезеңдерін анықтау және емдеу



бет2/3
Дата15.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#131924
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
№4 ауд саб

Ойылуды емдеудің кезеңдерін анықтау және емдеу.
1-ші кезең: Емдеу әдісі: теріні антисептик ерітіндісімен өңдеу, (камфор спиртінің 10% ерітіндісі, 70% спиртпен жартысы су, опа себу) УКС жүргізу, астына резеңке дөңгелек салу керек.
2-ші кезең. Емдеу әдісі: Ол кезде бриллиант көгінің 1-2 % спирттелген ерітіндісін жағады, айналасын антисептикалық ерітіндімен өңдейді, Антисептикалық таңғыш байлайды.
3-ші кезең. Емдеу шарасы: Ол кезде УКС қолданылады, майлы таңғыш, (Вишневский майы, 10 % стрептоцид, облепиха майы және т.б.), арасына дөңгелек резенке салу қолданылады.
4-ші кезеңде: Емдеу шарасы: некроз тоқтағаннан кейін, өлген ұлпаларды алып тастайды, жараға фурациллин ерітіндісі бар таңғыш салады. Таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырылады. Ірің болған жағдайда антисептиктер ерітіндісімен шаяды. Жараны толығымен тазалап, майлы таңғыштар қояды. Жараның жазылуына көмектесетін майлар қолданылады.
Ойылудың алдын-алу үшін ұсыныстар.
1. Аурухана жағдайында пациентте ойылу даму қаупін Нортон немесе Ватерлоо шкаласы бойынша бағалау;
2. Күнделікті ойылу пайда болу қаупі бар аймақтарды: құйымшақ, өкше, шынтақ, ұршық аймақтарын қарау.
3. Дененің әлсіз жерлерін үйкемеу. Әлсіз жерлерді күніне 1рет сұйық сабынмен жуу, құрғата сүрту. Тері құрғақ болған жағдайда ылғалдайтын кремді қолдану.
4. Ірі сүйек аймақтарын уқаламау.
5. Пациенттің төсектегі қалпын әр 2 сағат сайын ауыстыру.
6. Төсек жағдайын: қыртыстардың тігістерін болмауын қадағалау.
7. Резенке дөңгелектер орнына поролон дөңгелектер қолдану.
8. Тері бүтіндігі бұзылған жерде қысылтуды әлсірету. Қосымша жабдықтарды қолдану.
9. Құйымшақ аймағында терінің қысылуын азайту мақсатында, пациенттің жастықтан төмен сырғуға (кесуші күшке) жол бермеу мақсатында кереуеттің бас жағын ең төменгі деңгейде түсіру.
10. Ішетін тағам мен сұйықтықтың сапасын, мөлшерін үнемі бақылау.
11. Мүмкіндігінше пациенттің белсенділігін жоғарылату.
12. Еріксіз несеп бөлінген жағдайда пациент астына ылғалданбайтын төсеніштерді қолдану (ер адамдар үшін-сыртқы несіп қабылдағыштарды қолдану).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет